Тобықты

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Тобықты - Орта жүз Арғын тайпасының руы. Тобықты руының ең толық шежіресін Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің «Түрік, қазақ, қырғыз шежіресінде» берген. Оның айтуынша, Тобықты мен Қанжығалы Қарақожаның тоқалынан (Момын) туған баласы Кенжесопының ұлдары. Тобықтының Ерсетек, Дәулетек деген екі ұлы болған. Дәулетек бір аста жуан аяқ ұстап, ошақ басын қорығаннан «Жуантаяқ» атанып, нәсілі де сол атпен аталды. Ерсетектенен - Мұсабай, Көкше, Дадан. Мұсабай, Көкше, Дадан, Жуантаяқтан қазіргі Тобықты бастау алады.

Ол Арғынның екінші әйелі Момыннан туатын төртеудің бірі - Ақсопыдан тарайды. Тобықты ұрпақтары 17 ғасырдың ақырында Балқаш, Тоқырау, Қусақ маңын, 5 болыс ел қазіргі Семей облысының жерін мекендеген. Қалың Тобықтының ішінде өсіп, ел арасындағы дау-дамайға еріксіз араласқан Абай өз өлеңдерінде сол кезеңде атқа мініп, әкімшілік жұмыстарына араласқан би-болыстардың, халықты алдап-арбап, арын сатқан арамза қулардың оғаш мінездерін қатты сынайды. Ақын «Патша кұдай, сыйындым...» деген өлеңінде: «Қайран сөзім қор болды, Тобықтының езіне»деп напыса, Кежек байға арналған «Бөтен елде бар болса...» деп басталатын Ұзақ толғауында бірді бірге айдап салып, ел ішін алатайдай еткен алаяқ пысықтарға ренішін жасыра алмай: «Ел бүлігі Тобықты, Көп пысыққа молықты» деп ашына айыптайды. Бірақ, бұған қарап Абай бүкіл Тобықты жұртын даттап отыр деуге әсте болмайды. Ақынның қадапа сынап, қаһар төгіп отырғаны сол қалың елдің тыныштық-берекесін кетіріп біткен «ездер» мен «пысықтар». Іргелі ел атанған Тобықтының жақсылығы мен жақсыларын ақын қатты құрметтеген. Сүйікті баласы Әбдірахман мезгілсіз қайтыс болып, көңілі қайғы-шерге толған ақын «Бермеген колға, қайтесің...» деген жұбату жырында арғы қажы атасын: «Тобықтыны ел қылып, Басын жиып қурапты» деп мадақ тұтады, жаралы жүрегіне содан медеу тапқандай болады.[1]

Тобықты елі 1824 ж. дейін бір ғана болыс болған. 1835 ж. Күшік тобықты, Мәмбетай тобықты болып бөлінеді де, кейінірек Күшік тобықтыдан Қоңыр-кекше болысы бөлініп шығады.

  1. Абай Құнанбайұлы
  2. Құдайберді Құнанбайұлы
  3. Ғалий Әділбекұлы Әділбеков
  4. Шәкәрім Құдайбердіұлы
  5. Жанболат Башар
  6. Хайдар Арыстанбекұлы Арыстанбеков
  7. Әмина Ерғожақызы Өмірзақова
  8. Әнет Баба
  9. Манарбек Ержанов
  10. Бейсенбай Жәнібекұлы
  11. Бөжей Ералыұлы
  12. Қадиша Бәзілқызы
  13. Қараменде Шақаұлы
  14. Көрпебай Боранбайұлы
  15. Қаратай Сапақұлы
  16. Базаралы Қауменұлы
  17. Өскенбай Ырғызбайұлы
  18. Еркежан Ибаққызы
  19. Ербол Көмекбайұлы
  20. Мадияр Тұсіпұлы
  21. Мұса Аюбайұлы
  22. Мүсірәлі Апыбайұлы
  23. Мырзахан Бозымбайұлы
  24. Әнет би
  25. Өмірзақ Атаев
  26. Асылбек Сүйіндікұлы
  27. Дүтбай Уандықұлы
  28. Мұздыбек Әбдікәрімов
  29. Руслан Нұрбай
  30. Дәуітәлі Стамбеков
  31. Гүлбаһрам Имамбекқызы Тарабаева
  32. Сейітхан Ахметұлы Исаев
  33. Мұқаш Орынбаев
  34. Гүлдана Ғалымқызы Сапарғалиева
  35. Мамай Жұмағұлұлы
  36. Амангелді Жұмағалиұлы Омаров Байтемір
  37. Марат Өмірсерікұлы Әйнеков жуантаяқ
  38. Саид Маратұлы Әйнеков жуантаяқ
  39. Ұлбек Осбалаққызы Осбалақова
  40. Жақия Шайжүнісов
  41. Жәнібек Кәрменұлы Кәрменов бөкенші
  42. Мамашәріп би (Көкше)
  43. Жиренше Шоңқаұлы (КөтібақЫ)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9