Жаппас
Жаппас | |
---|---|
Шылбыр, ашамай, бақан | |
Ұраны | Баймұрат |
Лақап атауы | |
Шығу тегі | Ауызекі әдебиеттегі Алау батыр жырындағы Алтын Орда әмірі Алаудан тарайтын Алшын тайпасы |
Жүзі | Кіші жүз |
Тайпасы | Алшын |
Бөлімдері | Шылауын, Жансары, Таңқысары(Танке), Қыяқы, Шалтақ, Үнгүт |
Тараулары | ? |
Ақсақалы | ? |
Қыстаулары | ? |
Жайлаулары | ? |
Веб-торабы | Қазақ шежіресі https://tumalas.kz/mobi/#/?id=75 |
Жаппас — Алшын тайпасынан тарайтын 18 рудың бірі. Алшын тайпасының Байұлы рулар бірлестігінен тарайды.
Шығу тегі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жаппас руы Кіші жүздегі ірі рудың бірі болып табылады. Өкінішке қарай, тарихи деректемелерде бұл ру туралы ерте кездегі деректер жоқ. Кіші жүз құрамындағы Жаппас руы туралы алғашқы рет айтқан да сол А. Тевкелев. Орынбор шекара комиссиясының шенеунігі Ларионовтың 1829 жылға қатысты рапортында және А. Левшинде бұл ру туралы айтып өтеді.
Ең кейінгі жазбаша деректерде Кіші жүз бен Бөкей ордасының құрамдас бөлігі ретінде бұл ру Небольсинде, Ханыковта, Бламбергте, Кеппенде және басқаларында үнемі кездесіп отырады. Ол туралы архив материалдарында да мағлұматтар бар. XIX ғасырдың екінші жартысы - XX ғасырдың басындағы деректемелерге қарағанда, рудың құрамына тоғыз бөлімше кірген, олар: шалтақ, сумұрын, бесбалуан, баймұрат, өңкіт,қаракөз, қарақия, өтеп. Кеппен жеті, ал Небольсин алты бөлімшені ғана келтіреді.
«Қырғыздардың жер пайдалануы жөніндегі материалдар...» мен біздің ел арасынан жинаған мәліметтерімізде ру бөлімшелерінің түрлі саны келтіріледі. Бұл арада мәселе мынада: Жаппас руы, дұрысырақ айтқанда, оның бөлімшелері орасан зор аумаққа бытырап кеткен. Бұдан әрі көретініміздей, олар Торғай облысының әр түрлі уездерінде, Бөкей ордасының, Сырдария және Орал облыстарының аумағында мекендеді. В. В. Радлов та Жетісудағы Жаппас руы туралы Үлкен орданың батыс қанатына енді-міс деп хабарлайды. Бұл жағдайда В. В. Радлов Қапал уезі жалайырларының арасында мекендейтін, бірақ, әрине, Ұлы жүз құрамына ешбір кірмеген осы ру шаруашылықтарының саны болмашы екенін айтып отыр. Сондықтан зерттеушілер мен саяхатшылардың белгілі бір жерді мекендеген ру бөлімшелерін көрсеткені түсінікті, ал ру құрамының толық көрінісін осы материалдардың бәрін салыстыра отырып қана жаңғыртуға болады.
Біздің 1960 жылы ел арасынан жинаған мәліметтеріміз рудың мейлінше дәл құрамын береді, айта кетелік, оны М. Тынышбаевтың деректерімен бірдей деуге болады. Алшақтық мынада ғана: бізде тағы да күшік (қошық) бөлімшесі бар да, ол М. Тынышбаевта жоқ. Жаппас руының таңба белгісі: ұрандары «Баймұрат» және «Бақтыбай» (Бламберг).
Тұлғалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- И.Н. Тасмағамбетов — Астана қаласының әкімі.
- Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов
- Жарасбаевтар
- Көтібар Итаяқов
- Аббас Жарасбайұлы
- Өткелбай Исаұлы?
- Байсақал би
- Асанғали Сапаров
- Шалдыбаев Лайық Тоқайұлы (1939-2019) — ғалым-агроном, ақын, тілші, айтыскер
- Өтетілеу би
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |