Тоқырау (өзен)
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Тоқырау өзені | |
---|---|
Сипаттамасы | |
Ұзындығы | 298 км |
Су алабының ауданы |
21100 км² |
Су ағысы | |
Бастауы | Қарашоқы тауынан солтүстікте 10 км жерде. |
• Координаттары | 48°48′09″ с. е. 74°58′26″ ш. б. / 48.80250° с. е. 74.97389° ш. б. (G) (O) (Я) |
Сағасы | Балқаш көліне 28 км жетпей жерге сіңеді. |
• Координаттары | 46°59′03″ с. е. 75°23′24″ ш. б. / 46.98417° с. е. 75.39000° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 46°59′03″ с. е. 75°23′24″ ш. б. / 46.98417° с. е. 75.39000° ш. б. (G) (O) (Я) |
Орналасуы | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы |
Тоқырау, Тоқырауын – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.
Географиялық орны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 298 км. Су жинау алабы 21100 км2.
Бастауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қарашоқы тауынан солтүстікте 10 км жерден басталып, Балқаш көліне 28 км жетпей жерге сіңеді. Ірі салалары - Жалаңаш, Қараменде, Қосабай, Қаратал, Жіңішке.
Гидрологиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аңғары кей жерінде (жоғарғы ағысында) 10 км, тар жерінде 75 м. Жайылмасының ені 1,0-1,2 км. Арнасы тар, кей жерінде 50 м. Жауын-шашын суынан толысады. Жылдық орташа су шығыны Ақтоғай ауылы тұсында секундына 2,55 м3. Суы - тұщы. Суын Балқаш көлі, Саяқ кеніші, Ақтоғай, Үшарал, Сарытерек, Шылым, Жанарқалық елді мекеңдері тұрғындары ауыз суға, мал, жер суаруға пайдаланады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5