Ақбұйым
Ақбұйым (А қ б и і м) — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша Ұлы жүздегі Жалайыр тайпасынан таратылады. Ұраны — Бекбау, Бақтияр, таңбасы — тарақ. Ежелгі қонысы Алтынемел тауы мен Іле өзенінің арасы. Қыстауы — Іле өзенінің оң жағасы, Шолақ тауының іші, Алтынемелдің күнгей жақ беткейіндегі Бақтияр, Қосқұдық, Жартасты, Көктөбе жерлерінде. Жаздың ыстық айларында Қапал — Арасан тауларындағы Жалғызағаш, Қоянды, Арасан, Ақжар жайлауларына шыққан. Жидебай, Көшентоған, Теректі т.б. қыстаулардың маңына егін салған. Ақбұйым Сары, Құйас деген екі атаға бөлінеді, кейбір шежірелерде Құйас, Маман, Саман, Тұрлыбай, Көлбай, Есет, Дәуей деп таратылады.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|