Беріш
Беріш — Алшын тайпасынан тарайтын 18 рудың бірі. Алшын тайпасының Байұлы рулар бірлестігінен тарайды.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Кіші жүздің Байұлының ішіндегі адам саны ең көп ру - Беріш. Б.Кеппенің (1851 жыл) мәліметі бойынша Бөкей Ордасының өзінде ғана Беріш руы 3 600 отбасын құраған. (Әр отбасы шамамен 5 адамнан) Орташа есеппен сонда адам саны 18 000-ға жеткен. Бұл ру жөнінде ең алғашқы 1748 жылғы Тевкелев құрған Кіші жүз қазақтарының ру-тайпалық құрамы деген еңбектерінде айтылады. Сол сияқты Беріш руы 1829 жылы шенеулік Ларионовтың берген рапортында, Левшиннің жазған руларының тізімінде де берілген. Беріш руы 9 жікке бөлінеді: Жайық, Есенқұл, Қаратоқай, Күлкеш, Бегіс, Есен, Жаңбыршы, Себек, Бесқасқа.
Шежіре бойынша, Кіші жүздегі Байұлы бірлестігі құрамына енеді. Есенқұл, Қаратоқай, Жайық, Жаңбыршы, Себек, Бегіс, Есен, Құлкеш аталарына таратылады. Беріш тайпалық бірлестігінің құрамына енген аталардың тарихы әріден басталады. Мәселен, Беріш тайпасының ең іргелі руы — Жайық. Ол өз есімін не Жайық өзеніне берген, не есімін Жайық өзенінен алған. Ал Жайық өзені болса, ол б.з. 2 ғасырынан бастап белгілі.
- Беріш этнонимі 10 ғасырда парсы тілінде жазылған авторы белгісіз “Худуд әл-Әлем” деген жағырапиялық еңбекте де кездеседі. Онда “Мерке — елді мекен, онда қарлықтар тұрады, оған саудагерлер де қатынайды. Бұл екі елді мекеннің аралығын үш қарлық тайпасы қоныстанған, олардың есімі бистан, хайм, бириш” деп жазылған.
- Академик Ә. Марғұлан “Қазақтың жыр-аңыздары” атты кітабында 10 ғасырда Хазар хандығы негізінен екі тайпадан құрылған: бірі — Хазароғлы, екіншісі — Берішоғлы деп көрсетеді.
- Ал 11–12 ғасырлардағы орыс жылнамаларында половецтердің (қыпшақтардың) қатарында Буршевич ұрпақтары болғаны туралы айтылады.
- Араб, парсы саяхатшылары оларды Буржоғлы деп көрсеткен.
Оңтүстік орыс даласында Бурчевичер ең ұлы ордалардың бірі болып, Русь-Қыпшақ даласы арасындағы барлық саяси оқиғаларға белсене араласқан. Бұл кездегі Беріштердің ханы атақты қолбасшы Боняк болған. Орданың орналасқан мекені Днепр өзенінің сол жақ сағасы. Деректерде 10–11 ғасырлар аралығында Беріштердің Батыс тарапқа үнемі жылжи отырып, Днепрге жеткені аңғарылады. Днепрдегі Беріш ордасы 1245–1300 жылдар аралығында Алтын Орданың әскербасы Ноғайдың қарамағында болды. 1300 жылы Ноғай өлгеннен кейін Алтын Ордадан шеттей бастаған оның жұрты ханның жарлығымен Еділ-Жайық арасына көшірілді. Ноғайлы ұлысының құрамында Беріштер де болды. Ноғайлы ыдыраған соң, 16–18 ғасырлар арасында Беріштер Кіші жүз қауымымен аралас-құралас түстікте Бұхардан бастап терістікте Мұғалжар тауына дейінгі жерлерді жайлаған. 17 ғасырдың 30-жылдарында олар Еділ-Жайыққа ентелеген торғауыт қалмақтарына қарсы күрес жүргізген. Мұғалжардан қалмақты Есет батыр өткізбеген. Беріш қауымынан Есетке ілесе ел қорғаған батырлары Ағатай, одан кейінгі дәуірлерде Жаубасар, Есболай, Итемген, Қара, Саржала батыр, Құлбарақ, Исатай мен Махамбет, сондай-ақ, Есет Қараұлы, Мұрат Мөңкеұлы сынды ақын-жыраулар шықты. Беріш тайпасының ұраны — Ағатай, таңбасы — жебе (<).[1]
Тұлғалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Сұлтан Бейбарыс
- Махамбет Өтемісұлы Жайық
- Есенгелді батыр Жанғабылұлы Жайық
- Асанбек Нұрғожаұлы Жайық
- Исатай батыр Тайманұлы
- Халел Досмұхамедов
- Мұрат Мөңкеұлы Қаратоқай
- Серікқали Жақыпов
- Құлбарақ Табылдыұлы
- Бөдене Байтілеуұлы
- Айтуар Үсенұлы
- Ағатай батыр
- Самиғолла Хамиев
- Нарынбай Кешубаев
- Алдар би Ерназарұлы
- Аманғали Кенжеахметұлы Себек
- Зақаш Камалиденов
- Саттар Нұрмашұлы Имашев
- Таңатар Етекбайұлы
- Ғапур Ибатуллин Құлкеш
- Рижа Дүсіпова Құлкеш
- Сейдеғали Дүсіпов Құлкеш
- Әліп Дүсіпов Құлкеш
- Хисметолла Исакулов Құлкеш
- Жәмел Омарұлы Ихданов Құлкеш
- Жанай Беркалиев Бегіс
- Жәлел Иманғалиев Есенғұл
- Төлеу Қадырбекұлы Жандауов Жаңбыршы)
- Арон Қабышұлы Атабек Есенқұл
- Шоқыр Бөлтекұлы Құлкеш
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |