Ысық
Ысық – қазақ халқының құрамындағы тайпа. Шежіре деректеріне қарағанда, Кіші жүздегі байұлы бірлестігіне кіретін бақсиықтан өрбиді. Ысықтан ақсары (асан, кілеш), сарыбай (тоғыншы) рулары тарайды. Таңбасына қарап кейбір этнограф ғалымдар ысықтың ертедегі тарихын Жетісуды мекендеген Ұлы жүз тайпаларымен байланыстырады. Шежіре деректері бойынша есентемір, шеркеш және ысық руларының бәрі байұлы бірлестігіне кіреді. Соған қарамастан көптеген ғалымдар олардың өзара туыстығына күмәнмен қарайды. Дегенмен, олардың бақан сияқты таңбалары (масқарлардікі де) бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Сол себепті этнологтар (В.Востров, т.б.) бұл бірлестіктерді Орта жүздегі найман тайпасымен тығыз байланыстырып, негізгі ұйтқысы наймандар болуы ықтимал деген пайымдау жасайды. Ысықтың келесі бір дөңгелек таңбасы дулаттардың таңбасымен үйлеседі. Ілкі замандардағы дерек көздерінің тапшылығынан Ысықтың әуел бастағы тарихы мардымсыз зерттелген. Ысықтар туралы алғашқы мәліметтерді М.Тевкелев жазбаларынан кездестіруге болады. Кейінірек Ларионов рапортында, А.Левшин еңбегінде де кездеседі. Бұл мағлұматтарға қарағанда, ысық рулары Қазақстанның батыс аймағында мал шамамен айналысқан. Ұраны – Бәйтерек, таңбасы – бақан, жарты үшбұрыш, дөңгелек.[1]
Тұлғалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пайдаланылған cілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 9 том; Әдеб.: Бейсенбайұлы Ж., Қазақ шежіресі, А., 1994; Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В., Қазақ шежіресі хақында, А., 2000. Б. Жұмағұлов
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |