[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Айт руы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Айт — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша Ұлы жүздегі албан тайпасынан таратылады. Айттан Таңатар, Мамадияр, Уанашы, Абыта, Бидайшы тарайды. 19-20 ғ-дың басында Жаркент уезін мекендеген. Қыстаулары Алтынемел тауының оңтүстік бөктерінде, Алтынемел, Тізгін, Шылбыр, Үшбұлақ деген кішігірім өзендердін бойында, Іле өзенінің сол жақ жағалауының Қаратөбе, Қызылжиде, Үшқоңыр, Қоянды, Айдарлы деген жерлерде орналасқан. Айт руының бір бөлігі Шарын өзенінің батысынан Верный уезіне дейін, ал оңтүстігінде Темірлік өзенін және Кетмен жоталарынжайлаған. Негізінен, мал шаруашылығымен айналысқан, өзен бойын қоныстанғандары егіншілікпен шұғылданған. Ежелден бозым, қоңырбөрік руларымен көрші-аралас отырған. Ұраны —Райымбек. Таңбасы — дөңгелек. [1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том; Н. Байғабатова