Балғалы
Балғалы — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша, Ұлы жүздегі жалайыр тайпасынан таратылады. Жалайырдан Сырманақ — Ерғазы — Балғалы Қыстаулары Іле өзенінің оң жақ жағасы, Құмбасы, Құланбасы, Жуантөбе, Ақдала, Қаракөл, Аққаптал, Үшқызылжар, Жіңішке деген жерлерде орналасқан. Қапшағай, Арқарлы тауында қыстаған. Көктеу мен күзеулері — Малайсары тауындағы Жаманқұдық, Тасқұдықта болды. Жаз айларында Балғалы руы Жетісу (Жоңғар) Алатауының күреңкейіне шыққан. Мал шаруашылығымен, егіншілікпен айналысқан. Егін жайлары Іледен тартылған тоған жағаларында Қазамбай, Үшқызылжар жерлерінде. Балғалыдан Құлым, Шағыр, Өгіз, Нияз-Барақ аталары тарайды. Кейбір шежірелерде Балғалы Құлым, Құлымбет деп екіге бөлінеді. Балғалы руы өзбек, қарақалпақ халқының құрамында да кездеседі. Ұраны — Қабылан, таңбасы — тарақ.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |