Құрама
Құрама — тайпа, ұлыс. Өзбекстан Республикасындағы Шыршық пен Ангрен өзендерін мекендеген, өздерін өзбек ұлтының этнографиялық тобына жатқызатын түркі тілдес ұлыс. “Құрама” термині 15 ғасырдан бастап белгілі болды. Құрама қазақтардың 3 жүзінің тайпалары, ішінара өзбек, қарақалпақ руларының араласуынан 18 ғасырдағы “ақтабан шұбырынды” жылдарынан кейін қалыптасқан. 1897 жылғы санақ бойынша Ташкент уезін 17 мың Құрама мекендесе, 1917 ж. олардың саны 53 мың адамға жеткен. Ислам дінінің cүннит тармағын ұстанады.
Құрамалар 18 ғасырдан отырықшы тірлікке көшіп, егіншілікпен айналыса бастады. Бау-бақша, жүзім өсіру шаруашылықтары елеулі рөл атқарды. Мақта мен күріш өсіреді, қой, ешкі, ірі қара мал ұстайды. 1939 ж. санақ кезінде Құрамалар жеке халық ретінде тіркелді. Бірақ 1959 ж. өзбек ұлтының өкілдері ретінде санаққа кірді. Құрамалардың қазіргі тұрмыстық тілі қазақ және өзбек тілдерін байланыстырушы тіл ретінде қалыптасқан.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |