Шеркеш
Шеркеш | |
---|---|
[[Image:|100px|]] | |
Ұраны | Шағырай |
Лақап атауы | cеркеш, черкеш |
Шығу тегі | түркілердің Алшын тайпасынан тарайды, бейресми деректерде алтайлықтар арасында теркеш (бұрынғы түркеш) деген ру атауымен байланысы. |
Жүзі | Кіші жүз (Алшын) |
Тайпасы | Алшын - Байұлы рулық бірлестігі |
Бөлімдері | Қосым, Жауғашты, Қойыс, Шымбай, Сақау, Қылыш, Кестен, Шумақ, Қаракемпір ... |
Тараулары | ? |
Ақсақалы | Байбақты Қармысұлы, Елшібек, Шымбай, Шағырай Жәдікұлы, Алдияр. |
Қыстаулары | Астрахань облысы (Жайықтың Самар беті, Аштархан) |
Жайлаулары | Жайықтың жоғарғы ағысы |
Веб-торабы | Кұлсары маңы |
Кіші жүздің Байұлы бірлестігіне кіреді. Алшын тайпасынан тарайтын ру.
Шығу тегі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Алтай кижи ұлты арасында теркеш (бұрынғы түркеш) деген тайпа атауымен байланысы.
Шежіреге сәйкес, Шеркеш руы Алшын тайпасының Байұлы рулық бірлестігінен тарайды және Алтын Орда әмірі Алау батырдың ұрпағы болып табылады. Шеркештен құлақасқа, қойыс, шумақ, жауқашты, қылыш-кестен, қосым тарайды. Бұлардың ішіндегі Қосымы Шеркештің асырап алған киімді баласы болса керек. Алайда, Шеркештің ықыласы ауып, еншілес еткендіктен исі шеркештер Қосым ұрпағын аға тұтып, төрге отырғызады. Ел аузында "Қосым шеркеш емес, кәтеней қосым емес" деп айтылатын. Қазақ шежірелерінде Шеркешпен Алшынның Есентемір, Ысық тайпалары еншілес деп есептелінеді. Соған қарағанда, бұл ру бірлестіктерінің туыстығы ежелден сақталып келе жатыр. Яғни, аталмыш рулардың бәрі Алтын Орда әмірі Алаудан тарап, Алшын тайпасын құрайды. Таңбасына (бақанға ұқсас) қарап кейбір ғалымдар (Востров) бұлардың түп-төркіні найман болуы мүмкін деген мардымсыз болжам айтқан. Басқа бір зерттеушілер ысықтар Ыстықкөл маңайын мекендеген, атауын сол көлден, сонымен қатар “абыз“ сөзінен алады дейді. Қалай болғанда да, бұл бірлестіктер Түрік қағандығы, кейіннен Қыпшақ хандығы сынды мемлекеттер құрамына енген. Бірқатар ғалымдар Шеркешті черкестермен де байланыстырады. Олар бір-бірінен оғыз-қыпшақ заманында бөлініп кетуі де мүмкін. Серкеш (Шеркеш) руы өзбек-лоқайлар арасында кездеседі. Шеркештер туралы алғашқы мәліметтер А.Тевкелев, Ларионов рапортында, А.Левшин еңбегінде, кейінгі зерттеулерде ұшырасады. Оңтүстіктегі Шеркештер қоңырат, Ұлы жүздің бірқатар руларымен көршілес тұрған. Шеркештің басым бөлігі Жайық пен Еділ аралығын, Мыңтеке, Нарын құмдарын мекендеген. Атақты Шеркештер: Шағырай батыр Жәдікұлы, Байбақты батыр, Қалиев Алдияр, Асанәлі Әшімұлы, Салық Зиманов, Қуаныш Алдиев, Аман Сарбалин, Сенебаев Аманбек, Пернебай Дүйсенбин.[1]
Тұлғалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Шағырай батыр Жәдікұлы
- Тимур Бекмамбетов[2]
- Сәлима Базарғалиқызы Әліпова - Социалистік Еңбек Ері (1971)
- Асанәлі Әшімұлы Әшімов
- Сағи Асанәліұлы Әшімов
- Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова
- Уәлитхан Танашев
- Мақаш әкім
- Тайыр Жароков
- Тұрлан батыр Қойыс
- Еркебай Ишанұлы қосым
- Мереке Мұташұлы Ғұмаров
- Зұлқарнай Ғұмаров
- Сәлима Базарғалиқызы Әліпова Сақау
- Аманжан Сәулебайұлы Рысқали
- Бергей Сәулебайұлы Рысқалиев
- Махамбет Жолдасқалиұлы Досмұхамбетов
- Әбу Сәрсенбаев
- Мұқаш Атшыбаев
- Беркінғали Атшыбаев
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
- ↑ http://informburo.kz/novosti/v-atyrau-timuru-bekmambetovu-prishlos-vspomnit-svoyu-rodinu-6687.html
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |