Суан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Суанқазақ қоғамындағы, Ұлы жүз құрамындағы көне ру. Албан, Суан, Дулат үшеуі бірге туған, Майқы би мен Домалақ ананың балалары.

СУАН
таңбасы көшпенділердің арбаның дөңгелегі
Ұраны : Байсуан
Лақап атауы : Суан
Шығу тегі : 1-ғасырдан Үйсін
Жүзі : Ұлы жүз
Тайпасы  : Суан
Бөлімдері   : Тоқарыстан, Байтүгей
Тараулары    : Елшібек, Бағыс, Тұрдымбет, Ақша, Сұлтанғұл, Тұрсын, Алдияр, Қараменде тағы басқалары
Ақсақалы : Қожбанбет би
Қыстаулары : Жоңғар Алатауы
Жайлаулары : Жоңғар Алатауы, Жаркент
Веб-торабы :Іле
Желтоқсан көтерілісіның құрбандарының бас батырларының руы Суан болған

Суандар жайында көне деректерде мүлде ешнәрсе айтылмайды. Алайда, бұл бағытта жоғарыда келтірілген Н. Аристовтың сілтемесі аса құнды дерек көзі болып табылады. Бұл мәліметті келтіре отырып, С. Аманжолов Н. Аристовтың пікіріне жан бітіріп, Албан мен Суан рулары Дулат руының одағында болды дегенді қостайды. Қазақ шежіресі де ежелден Дулат, Албан мен Суан руларының түп тамырластығын, тіпті ол үшеуінің Жарықшақтың баласы екеніндігін дәлелдейді.

Суандар Албандарға, әсіресе, Дулаттарға қарағанда онша көп емес. Сондықтан олар көп жағдайда қысымдық көріп, ең бастысы, жер тәлімі мен жайылымнан шеттетілген. Бұл жәйт әлі күнге дейін айтылып келе жатқан аңызбен де расталады. Онда бауырлар арасында сұр бұқаның ені үшін (ол кезде бұқа ені желінеді екен) дүрдараздық шығып, сыбаға тимеген Суан үлкен ағалары Албан мен Дулатқа өкпелеп, шалғай шығысқа көшіп кеткені әңгімеленеді. Шынында да, Суан руының қонысы Қытай шекарасындағы Іле өзенінің оң қабағында, үш ағайындылар Дулат, Албан, Суан жайлаған аймақтың ең шығыс жағында жатыр.

Жаркент шаһары екі үлкен болысқа бөлінді бірі Тоқарстан бірі Байтүгей, екі болысты Суан руының Ақша атасынан шыққан Мәкен болыс басқарды, кейін Алатау губернаторлығына қарады оны Тезек Төре басқарды.

Зерттеулер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Суаның ата тегі туралы мәліметтер әдебиеттерде біршама. Бұндай деректер көзіне Н. Аристов, М. Тынышбаев, В. Востровтың бізге белгілі еңбектерімен қатар Жетісу облысының байырғы тұрғындарын зерттеген жұмыстарды жатқызуға болады. Оларда Суандардың екі ата Тоқарыстан мен Байтүгейге бөлінетіні айтылады. Бұның бәрі рас болғанымен, әлгілерде үрім-бұтақтың тыңғылықты кестесі жоқ болып шықты. Біз осы кем-кетікті толтырып, өз пайымдауларымызбен салыстыра отырып, Суандар туралы тармақтардың таралуын бір ізге салдық. Суан руының шежіресі туралы біздің мәлімет берушілеріміз онша көп емес, дегенмен, солардың ішінде Талдықорған облысы, Киров ауданың тұрғыны 1897 жылы туған (Суаннан) Кінәз Дәуітәлиев пен сол облыстың Жаркент қаласының тұрғыны 1937 жылы туған (Суан нан) Нұрахан Хабимолдаевтан жинан алған деректерді құнды деп есептейміз. Сонымен Суаннан ірі төрт ата тарады: Тоқарыстан, Байтөгей, Бағыс, Жесегір (соңғы екеуі Көпбағыс пен Досбағыс деген атпен Алматы айналасындағы дулаттарға сіңіп кеткен).

Тоқарыстан мен Байтөгей ұдайы көше отырып, қазіргі қонысы Іле өзенінің оң жағасымен Қорғас өзеніне дейін жетеді. Суан руының негізгі ірі атасы төртке: Тұрдымбет, Мұрат, Бердіке мен Баубекке бөлінетін Тоқарыстан болып есептеледі. Тұрдымбет өз кезегінде үш тармақ: Бөргелтай, Есет, Тұрсынға тарайды. Есеттен Қошқар, одан Жанқозы, Бөлек, Одыр, Мейіз. Одырдан Сүйімбай, Сабаз, Қабай. Шежіреде айтылатындай, Мұраттың алты баласы болыпты: Орыс, Қараменде Мұратұлы, Шегірен, Қарабек, Әбдісүгір, Байтөгей. Ел аузында Байтөгейден басқаларын Бес Мұрат деп те атайды. Мұраттың үлкен ұлы Орыс, одан Мырзагелді, Хангелді. Соңғының екі ұлы бар Сұлтанқұл мен Ақша. Ақшадан Бекболат, Құрымбай,Есдәулет,Байтілеу бұларды төрт Ақша деп те атайды. Бекболаттан Сады одан Талтаң. Талтаңнан Шойынтай. Шойынтай дан Нұрбай, Керімбай тарайды. Нұрбайдан Тоқмухаммед Тоқтамамыт, Нұралы тарайды.Тоқмухаммедтен Ұзақ, Байұзақ. Ұзақтан Ермек, Еділ. Еділден Жігер, Байұзақтан Бауыржан, Мағжан. Мағжаннан Жақұт пен Мейіржан.

Мырзагелдінің ұрпақтары недәуір болып, жеті атаға жіктеледі: Қожеке, Тілеке, Кебенек, Олдақсан, Туматай, Еділбай, Мәмбет. Мәмбеттің бірінші Қарлығаш есімді әйелінен Мақпал туса, ал екішпі әйелі Желкілдектен жеті ұл көрген: Сүттібай, Құттыбай, Медеубай, Мес, Айдабол (Сондықтан оларды анасының атымеп Желкілдектің Жеті тазы деп те атайды). Айдаболдан Сабалы, Бабалы, Баба, Байшымыр.

Соңғыдан Тұрғынбай, одан Жақып, Іркітбай, Бүркітбай. Соңғыдан Қайынолда, Қатша, Әбділда, Қабимолда. Соңғыдан Нұрсапа, Нұрахан (мәлімет беруші, 1937 жылы туған), Айдархан. Біз келтірген үрім-бұтақ кестесінде мәлімет беруші Нұрахан Қабимолдаев пен Суанның арасында 11 ата жатыр. Байтөгей үш атаға бөлінеді: Елтінді, Молақ пен Жылгелді. Кейбір әдеби деректерге қарағанда Байтөгейдің ұрпақтары оның екі әйелінің атымен: Нөкейтін мен Сарықыз деп тарайды, біраң, олар қалай бөлінетіні нақты көрсетілмегендіктен, түп- тұқиянын дәл анықтау мүмкін емес. Молақтан Құртымбет, Сексен, Шоқа, Қасаболат, Сүйімбай, Еркебай. Жылгелдіден Аққабақ, Алдияр, Елшібек. Аққабақтың екі ұлы бар: Құдайберді (Аманқұл, Ақбура, Көтен) және Сатай (Абылай, Көпес, Бектемір, Досқұлы, Нәуке, Ақылбек, Әбдіке, Жетімқозы). Сатайдың бес әйелі болды, деп ел айтады. Төртінші әйелінен Әбдіке туыпты, одан Әділбек, одан Дәуітәлі, одап Кінәз (біздің мәлімет берушіміз, 1892 жылы туған). Біздің кестеміз бойынша, ол он екі атадан барып Суанға қосылады. Алдиярдан Есалы мен Дат.

Елшібектен Құлжыкей, Алакүшік, Шабар, Алшор т. б. Сонымен Суан руы екі ата: Тоқарыстан мен Байтөгейге бөлінетінін қайта пысықтаймыз. Алайда, мағлұматтар тапшылығынан үрім-бұтақ кестесінде бүкіл буын қамтылмай қалды. Соған қарамастан екі ата туралы недәуір мәлімет алуға бөлады, өйткені біздің кестемізде Суан руының (5-қосымшаны қараңыз) бұл екі тармағының үрім-бұтағы біршама зерттелді.

XIX ғасырдың аяғындағы Суан руының қанша болғанын Н. Аристов еңбегінен табамыз, онда 4000 шаңырақ десе, М. Тынышбаев олар 1917 жылы 40 мыңға жетті деп нақтылайды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Суан руына жататын қазақтар негізінен Жетісу уәлаяты Жаркент уезінде тұрып жатты. Олар оңтүстікте Іле өзепінің оң қабағын, шығыста Қытай шекарасына дейіи, ал солтүстікте Жоңғар Алатауының тау шабындықтары мен Батыста Верный уезінің шекарасындағы Көктерек өзенінің бөйын қоныстанып жүрді. Демек, бұл Суандар көрсетілген жерлердегі құнарлы да шұрайлы топырақты аймақты алып жатты деген сөз, онда жер де, су да, ну да жеткілікті еді.

Бұрхан, Үлкен және Кіші Үсек (Өсек), Шыпжың мен Қорғас өзендерінің алқабы мен Алтыңкөл көлінің маңайындағы құмда Байтөгей руының қыстаулары бар болатын. Өсек көлінің айналасында, Іле өзені мен Үсек өзенінің орта шенінде, сонымен қатар Көктерек бойында Тоқарыстан руының қысқы қонысы орналасты. Суан рулары мал және егін салумен айналысты. Төрт түлік өсіріп, бидай, арпа мен тары екті, сөйтіп негізінен жартылай көшпелі өмір сүрді. Ірі байлар Жоңғар Алатауындағы альпі шабындықтарына шығып кетіп, шағын дәулеттілері тау етегін төңіректеп, жарлы-жақыбай, жатақтар қыстауларда қалатын.