Құрман

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Құрманұлы жүздің Албан тайпасы құрамындағы рулар бірлестігі.


Шежіре бойынша, Құрман Әлмерек абыздың ұрпағы болып есептеледі. Құрманнан Қара, Үмбет және Мәмбет тарайды. Олардан Орынтай, Елемес, Малыбай, Киікбай, Елшібай, Беснайза, Майлыбалта сияқты аталар өрбіген. Н.Аристовтың Дихамбай батырдан жазып алған шежіресінде Құрман Бозыммен қатар ру бірлестігі ретінде көрсетілген.


Алатау округінің 1865 ж. тізімі бойынша, Құрман 300 отбасы, 1913 ж. санақта 900 отбасы болған. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ерлігімен көзге түскен Саурық батыр, 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс басшылары Жәмеңке, Ұзақ батырлар, домбырашы, ақын Шалтабай, күйші Қожеке, Түменбай, Қаба би, т.б. Құрманнан шыққан. Құрмандардың қазіргі ұрпақтары Алматы облысының Еңбекшіқазақ, Райымбек, Талғар, Іле, Жамбыл, т.б. аудандарын, ҚХР-дың Іле аймағын, т.б. мекендейді. Құрманның жауынгерлік ұраны — Райымбек, таңбасы — ҡ (дөңгелек).[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы