Сумо
Сумо, жапондардың ұлттық күресі. Жапондардың арасында кең тараған күрес түрлерінің негізінде дамыған. Негізінен мұнда салмағы өте ауыр балуандар кілемге шығады. Сондықтан да күрескердің бойы ұзын, денелі және ауыр болса сол көбірек жеңіске жетеді. Тарихи құжаттарда 1650 ж. биіктігі 225 см. , салмағы 115 кг. келетін Девагтаке есімді балуанның белдескені жазылған. Сумо күресінде мамандар небәрі 48 әдіс бар деп есептейді. Олар 12 лақтырудан, 12 ұстаудан, 12 бұраудан, 12 итеруден тұрады. Сумо күресінде балуандардың шеберлігі 11 дәрежеге белінген. Күрес болатын кундері Кодакан спорт сарайына ондаған мың жанкүйерлер жиналады. Балуандар шеберліктеріне қарай 3 дәрежеге бөлінген. 1-дәреже - Макуучи, мұнда 20 балуан бар. 2-дәреже - Дзю-ре, мұнда 30 балуанға дейін татамиге шығады. Келесі 3-дәрежеде 80 балуанға дейін күресіп, ең күштілерін анықтайды. Калғандары 700 адамға дейінгі саны бар ең төменгі бұқаралық топ болып есептелінеді. Белдесу көлемі 9x4,5 м. келетін кілем үстінде өтеді. Мұны татами деп атайды. Татами орнатылатын тұғыр еденнен 4 см. биік болуы керек. Күрес басталар алдында "рицзю-рей" және "тиру-тозу" деп аталатын ұлттық рәсімдер орындалады. Сумо күресінен әрбір елде езіндік және халықаралық бірлестіктер бар. Мұнда 4 салмақ дәрежесі бойынша бәсекелер өтеді. Кіші салмақтар 85-115 кг. арасы, ал 115 кг. жоғарылар ауыр салмақ болып есептелінеді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |