[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Цукат

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Цукат- Оны тұтас не кесілген жемісті, сондай-ақ туралған цитрус жемісінің қабығын, қарбыз бен қауынды қант сиропына салып қайнатыл, қақ жасау арқылы әзірлейді. Кептірерде цукаттың бетіне жұқалап қант себеді.

Цукатты. әдетте шаймен бірге береді, оны әртүрлі тағамға қосуға, тортты, пирожныйды, тәтті пирогты т. б. кондитер тағамдарын әсемдеуге пайдаланады.

Апельсин қабығының цукаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Апельсин қабығын төртбұрыш не ромб тәрізді етіп ұсақтал кесіп, шыны ыдысқа салып, салқын су құйып (күн сайын жаңартылып тұратын), 2—3 күн сақтайды. Содан кейін қабықты судан алып ыдысқа салып, езілгенше қайнатады да, сүлгіге салып суын сорғытады. Суы сорғыған қабықтың салмағын өлшеп, оған қанша қант қосу керектігін анықтайды. Енді қант сиропын әзірлейді де, қайнап тұрған сиропқа апельсин қабығын салып, сироп қоюланғанша қайнатады. Осыдан кейін ыдыстарға бөліп салып, бетіне аздаған қант себеді, біраз суытқаннан кейін банкаға құйып, әр қабатына тағы да қант себеді. Суға қайнатылған 800 г қабыққа 1,2 кг қанттан әзірленген қант сиропы және 8 стақан су; цукатқа себетін 200 г қант керек.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9