Pixar Animation Studios
Pixar Animation Studios | |
Түрі |
Buena Vista Motion Pictures Group (Disney) еншілес компаниясы |
---|---|
Биржадағы листингі | |
Құрылды | |
Орналасуы | |
Басты адамдары | |
Саласы |
компьютерлік анимация |
Өнімі | |
Басшы компания | |
Сайты |
Pixar Animation Studios (Пиксар Энимэйшн Студиос) немесе Pixar — компьютерлік анимация жанрында жұмыс істейтін киностудия. АҚШ, Калифорнияда орналасқан.
Pixar студиясын өзінің "Жұлдызды соғыстар" еңбегі табысты болған соң Джордж Лукас 1979 жылы құрды (ол кезде студия "The Graphics Group" деп аталды да Lucasfilm кинокомпаниясының компьютерлік бөлімшесі болды).
1986 жылы Стив Джобс компанияны Джордж Лукастан $5 миллионға сатып алды. Алғашында Лукас компанияны $30 миллионға бағалаған, алайда, әйелімен ажырасып, мүлкі екіге бөлінген соң, ақшаны қатты қажетсінген Лукас Джобс ұсынған бағаға келісуге мәжбүр болды. Компанияның жаңа бастығы, негізін қалаушылардың бірі, Элви Рей Смит болды да компанияны Pixar деп атауды ұсынды.
2006 жылы ұзақ әрі күрделі келіссөздерден соң студияны Walt Disney Pictures компаниясы $7,4 миллиардқа сатып алды, ал Стив Джобс Walt Disneyдің алпауыт акционерлерінің біріне айналды. 2006 жылдың 24 Қаңтарында бірігу туралы келісімшарт жасалды, сол жылдың 5-ші Мамырында акционерлер тарапынан қолдау тапты.
"Ойыншықтар хикаясы", "Ойыншықтар хикаясы 2", "Қоңыздың өмірі", "Монстрлар корпорациясы" және "Ара ізденістер Немо" туындылары 2,5 миллиард доллар сомасында табыс әкеліп, Pixar студиясын кинемотография тарихындағы ең табысты анимациялық студияға айналдырды.
Mультипликациялық фильмдер шығарумен қатар, Pixar үшөлшемді компьютерлік графика саласында озық шешімдер жасаумен де айналысады. Pixar RenderMan қозғалтқышын жасап, соны сатумен айналысады. RenderMan — жоғарысапалы фотореалистикалық кескіндерді визуализациялайтын (генерациялайтын) бағдарламалық жасақтама. Бұл бағдарламалық жасақтама "Титаник", "Матрица", "Сақиналар әміршісі" және сол сияқты фильмдерде визуалды эффектілер жасауда қолданылған.
Бас директоры — Эд Кетмелл, ал креатив бөлімін Джон Лассетер басқарады.
Студия еңбектері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Толықметражды анимациялық фильмдер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Қазақша атауы | Ағылшынша атауы | Тұсаукесер жылы |
---|---|---|---|
1 | Ойыншықтар хикаясы | Toy Story | 1995 |
2 | Қоңыздың өмірі | A Bug's Life | 1998 |
3 | Ойыншықтар хикаясы 2 | Toy Story 2 | 1999 |
4 | Монстрлар корпорациясы | Monsters, Inc. | 2001 |
5 | Немоны табу | Finding Nemo | 2003 |
6 | Суперотбасы | The Incredibles | 2004 |
7 | Көліктер | Cars | 2006 |
8 | Рататуй | Ratatouille | 2007 |
9 | ВАЛЛ-И | WALL-E | 2008 |
10 | Жоғары | Up | 2009 |
11 | Ойыншықтар хикаясы 3 | Toy Story 3 | 2010 |
12 | Көліктер 2 | Cars 2 | 2011 |
13 | Батыл жүрек | Brave | 2012 |
14 | Монстрлар университеті | Monsters University | 2013 |
15 | Зерде | Inside Out | 2015 |
16 | Өнегелі динозавр | The Good Dinasaur | 2015 |
17 | Дориды табу | Finding Dory | 2016 |
18 | Көліктер 3 | Cars 3 | 2017 |
19 | Коконың құпиясы | Coco | 2017 |
20 | Суперотбасы 2 | The Incredibles 2 | 2018 |
21 | Ойыншықтар хикаясы 4 | Toy Story 4 | 2019 |
22 | Алға | Onward | 2020 |
23 | Жан | Soul | 2020 |
24 | Лука | Luca | 2021 |
25 | Қызару | Turning Red | 2022 |
Болжалды фильмдер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]№ | Қазақша атауы | Ағылшынша атауы | Тұсаукесер күні |
---|---|---|---|
1 | Lightyear | Lightyear | 2022 |
2 | Elemental | Elemental | 2023 |