[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Экзема

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
A.
Экзема.
A.
Экзема.

Экзема (грек. eczema – теріге бөртпе шығу) – терінің созылмалы ауруы. Экзема көбінесе жүйке және эндокринді жүйелер қызметінің бұзылуынан, созылмалы жұқпалы аурулардың асқынуынан (тонзиллит, гайморит, т.б.), организмнің белгілі бір аллергенге аса сезімталдығынан, асқазан-ішек жолдарының ауруларынан, т.б. пайда болады. Экзема, әсіресе, экссудативтік-катаралдық диатезбен ауыратын сәбилерде жиі кездеседі (қ. Диатез). Экземамен ауыратын кейбір науқастарда балыққа, жұмыртқаға, цитрусты жемістерге, т.б. тағамдарға, үйдегі шаңға, гүл тозаңына, гүл иісіне, химиялық заттарға (кір жуатын ұнтақтар, бояулар, т.б.) аллергия реакциялар (қ. Аллергия) байқалады. Кей жағдайда дәрілік препараттар да Экземаның дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ Экзема жазылмай ұзаққа созылған күйіктің, жараның айналасында (әсіресе аяқтағы) пайда болады, оны – микробты экзема деп атайды. Аурудың алғашқы белгісі: ісінген теріде ұсақ, іші суға толы көпіршіктер, қызғылт түсті түйіндер шығады. Кейін олар бір-бірімен тұтасып бірігіп кетеді де, қабыршақтанып, терінің беті жарылады. Экзема түскен жер қатты қышиды. Біртіндеп Экзема пайда болған тері қабаты қатайып, қалыңдай түседі. Ересек адамдарда Экземалық бөртпелер саусақтың, өкшенің, білектің сырт жағынан, ал балаларда бетінен, мойнынан және кеудесінен шығады. Экземаны дерматолог-дәрігер емдейді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том;