Тувалу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Координаттар: 8°31′00″ о. е. 179°13′00″ ш. б. / 8.51667° о. е. 179.21667° ш. б. / -8.51667; 179.21667 (G) (O) (Я)
Тувалу
ағылш. Tuvalu
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Tuvalu mo te Atua»
«Тувалу Құдіреттіні қолдайды»
Әнұран: «Tuvalu mo te Atua»
«(Тувалу Құдіреттіні қолдайды)»
Тарихы
Тәуелсіздік күні 1 қазан 1978 жыл (Британ империясынан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері тувалу және ағылшын
Елорда Фунафути
Ірі қаласы Фунафути
Үкімет түрі Унитарлы партиясыз парламенттік конституциялық монархия
Патшасы
Генерал-губернаторы
Премьер-министрі
III Чарльз
Тофига Ваевалу Фалани
Каусеа Натано
Мемлекеттік діні христиандық (Тувалу шіркеуі қ.)
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 192 орын
26 км²
Жұрты
• Сарап (2017)
Тығыздығы

11 192 адам (196)
475,88 адам/км² (27)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2016)
 • Жан басына шаққанда

39 млн.[1] $ (226)
3,566[1] $ (156)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2016)
 • Жан басына шаққанда

32 млн.[1] $ (194)
2,970[1] $ (118)
Валютасы тувалу доллары (TVD)
аустралия доллары (AUD)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .tv
ISO коды TV
ХОК коды TUV
Телефон коды +688
Уақыт белдеулері +12

Тувалу (тувалу. -{Tuvalu}-, ағылш. Tuvalu; 1975 жылға дейін — Эллис аралдары) — Тынық мұхиттың оңтүстік-батыс бөлігіндегі, Полинезия аралдарында орналасқан мемлекет. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 600 км-ге созылған 9 ойпаттық маржан аралдарынан (1975 жылға дейін Эллис) тұрады. Аумағы 28 км². Халқы 11 мың (2001). Халқының негізгі этникалық құрамын тувалу тайпасының өкілдері құрайды. Ресми діні – христиандық (протестанттық басым). Әкімшілік жағынан 8 аралдық кеңеске бөлінеді. Мемлекеттік тілі – ағылшын және тувалу. Астанасы – Фунафути (3,8 мың адам). Мемлекеттік басқару формасы – конституциялық монархия. Ақша бірлігі – тувалу доллары және аустралия доллары. Заң шығарушы органы – бір палаталы парламенті. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 1 қазан (1978).

Климаты субэкваторлық, ыстық әрі ылғалды. Орташа айлық температурасы 27С. Дауыл жиі болып тұрады. Тұщы судың қайнар көзі жоқ. Бұта өсімдіктері, мангр тоғайлары, кокос пальмасы ормандары өседі.

Біздің заманымыздан бұрын 3 ғасыр шамасында аралға полинезиялықтар қоныстана бастаған. 16 ғасырда аралды самоалық тайпалар басып алды. Мұнда еуропалықтардан бұрын 1568 жылы испандықтар келді (А.Менданья). 1892 жылдан бастап Эллис аралдары Гилберт аралдарымен бірге Ұлыбританияның протектаратына, 1916 жылдан отарына айналды. 1974 жылы референдум нәтижесінде Эллис аралдары тұрғындарының көпшілігі Гилберт аралдарынан бөлінуді жақтап дауыс берді. 1975 жылдан Эллис аралдары Тувалу аталып, Ұлыбританияның жеке отарына айналды. 1978 жылдан Ұлыбритания Достастығы құрамына кіретін тәуелсіз мемлекет.

Экономикасының негізі – копра өндіру мен балық аулау. Мемлекеттік кірістің қайнар көзінің бірі – пошта маркаларын шығарып сату. Экономикасы ағылшын капиталына тәуелді. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 800 АҚШ доллары шамасында. Ел аумағының 74%-ы ауыл шаруашылығы үшін қолайлы. Кокос пальмасы (жылына 2 т-дай жаңғақ жиналады), жеміс-жидек пен көкөніс, шошқа мен ешкі өсіріледі. Арал халқы тігін бұйымдарын, аяқ киім, копра шығарады, балықты қайта өңдеумен айналысады. Тувалу жылы жоқ, автомобиль жолының ұзындығы 8 км. Негізгі теңіз порттары: Вайтупу, Ниутао, Нанумеа. Экспортқа копра, жеміс-жидек, тоңазытылған балық, киім-кешек, қолөнер бұйымдары шығарылады. Сырттан азық-түлік өнімдері, сусындар, темекі, тұтыну тауарлары, ауыр машина жасау өнімдері мен көліктік құрал-жабдықтар, минералдық отын әкелінеді. Сыртқы саудадағы негізгі серіктестері: Фиджи аралдары, Австралия, Жаңа Зеландия, Ұлыбритания.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c d Tuvalu. International Monetary Fund.
  2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том