Рифт

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Рифт (ағылш. rіft — жарықшақ, жарылым), рифтік белдем — белгілі бағытта жүздеген, мыңдаған км-ге созылған, аса тереңде жаралатын жер қыртысының ірі тектоникалық құрылымы.

Ірі Рифттер рифтік белдемдер деп аталады. Ені 15 — 70 км-ден (Өлі теңіз Рифті) 200 — 400 км-ге (Қызыл теңіз Рифті) дейін жетеді. Рифт аумағында негіз және сілті құрамды тау жыныстары мол, қышқыл тау жыныстары аз кездеседі. Рифттердің осьтік грабендерінде гравитац. максимум байқалады. Рифттер жер қыртысының ерте кезде босаңсыған белдемдерінің аумағындағы ішкі құрлықтық Рифттер (мыс., Шығыс Африка, Байкал Рифттері), құрлықтық типті жер қыртысы жоқ белдемдердегі құрлықаралық Рифттер (мыс., Қызыл теңіз, Аден шығанағы Рифттері, қ. сурет) және жер қыртысының мұхиттық типі тараған ортаңғы мұхит жоталары аумағындағы ішкі мұхиттық рифттер болып бөлінеді.[1]

Қалыптасу себебі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қалыптасу себебі жер қойнауындағы күштермен байланысты, сырт пішіні орларға яки жарықтарға ұқсайтын, ұзыннан-ұзақ созыла сағаланатын (ұзындығы жүздеген, тіпті мыңнан астам шақырым) кұрылым.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы", 7 том
  2. Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов, 2000 жыл. — 328 бет.