Цех

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Цех (нем. Zunft) —

1) өндірістік кәсіпорынның белгілі бір өндірістік өнім немесе шикізат жасалатын (өндірістік цех) не көмекші материалдар дайындалатын, қызмет көрсету операциялары жүргізілетін (көмекші цех) құрылымдық бөлімшесі; белгіленген бір бұйымдарды жасап шығаратын немесе технологиялық үрдісінің белгіленген бір түрімен шұғылданатын өнеркәсіп орынының негізгі өндірістік бөлімшесі.[1]
2) орта ғасырларда қалалық қолөнершілердің кәсіптер бойынша біріккен бірлестігі. Ортағасырлық қалалардың қалыптасу кезеңі 11 — 12 ғ-ларда Батыс Еуропада, Францияда, Англияда, Германияда, Италияда дүниеге келіп, 13 — 14 ғ-ларда толық даму кезеңіне жетті.[2]
  • Көмекші цех (орыс. Цех вспомогательный) — негізгі өндіріске немесе зауытқа түгелдей технологиялық қызмет ететін цех.
  • Қыздырып қалыптайтын цех (орыс. Цех горяче штамповочный) — қыздырылған дайындаманы баспақта немесе тоқпақта қалыптап, соғылма (поковка) өндіретін цех.
  • Құйманың негізгі бөлігі (орыс. Цех отливки основная) — құйманың тетік жасайтын бөлімі.
  • Құрал-сайман цехы (орыс. Цех инструментальный) — қалып, соққыш, әр түрлі құрал жасайтын цех.
  • Ұсталық цех (орыс. Цех кузнечный) - тоқпақта соғып, соғылма жасайтын цех.
  • Ұсталық-баспақ цех (орыс. Цех кузнечно-прессовый) — гидравликалық баспақта соғып, соғылма жасайтын цех.
  • Ұсталық-қалыптау цехы (орыс. Цех кузнечно-штамповочный) — ыстықтай қалыптайтын қос иінді баспақта жөне көлденең соғу машинасында қалыптап соғылма жасайтын цех.[3]
  • Суықтай қалыптайтын цех (орыс. Цех холодной штамповки) — қаңылтырдан, жолақтан, таспадан тетік жасайтын цех.[4][5]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар : «ЭКО»ҒӨФ. 2007.-29 1 б. ISBN 9965-08-234-0
  2. "Қазақ Энциклопедиясы", 9 том
  3. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдықтары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.
  4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6
  5. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0