Лобнор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

A.
Лобнор.

Лобнор (“лоб” — тибетше лайлы, “нор”— моңғолша көл) — Қытайдың батысындағы тұйық көл. Тарим немесе Қашғар қазаншұңқырының ең аласа бөлігінде, теңіз деңгейінен шамамен 780 м биіктікте орналасқан. Көлдің географиялық орны, мөлшері, пішіні, тереңдігі және тұздылығы оған құятын Тарим және Көншедария өзендері сағасының өзгерісіне тікелей байланысты. Бұл өзендер сағасын құм басуына қарай бағытын өзгертіп, кейде Лобнорға құяды, ал кейде құмға сіңіп кетеді. Қайсы өзеннің құюына байланысты көл солтүстікке немесе оңтүстікке таман ығысады немесе бірнеше ұсақ көлдерге бөлшектеніп кетеді, кей жылдары мүлдем тартылып қалады. Көлді тұңғыш рет, 1876 ж. Н.М. Пржевальский зерттеген. Лобнор өңірінде Қытайдың ядролық қаруды сынайтын алаңдарының бірі орналасқан.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]