Қайың
Birch | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
|
Қайың (лат. Betula) — қайыңдар тұқымдасына жататын сымбатты ағаш, ұшар басы үкідей шоқтанып, биік бойлап өседі. Дегенмен аса кәрі қайыңның ауыр бұтақтары мәжнүн талдай төгіліп тұрады. Ашық жерлерде қайың кейде жеке-дара өседі, бірақ көп ретте олар орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөп пен жайнаған гүлдің ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы - ол бір ғажайып сурет!
Қайың гүлдеуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қайың сәуірдің аяғы мен мамыр айының басында, яғни жаңғақ ағашы мен талдан кейін гүлдейді. Оның гүлдері қарапайым сырға тәріздес болып келеді. Ал қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде қыркүйек айы да туады.
Орман "пионері"
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қайыңның ұрықтары желмен тез ұшып кетеді. Ол орманның басқа ағаштары өсе алмайтын жерлерде де тез өсіп-өнеді. Сондықтан қайыңды орманның "пионері" деп атайды.
Қайың қолданылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Скандинавия елдерінде қайыңның дінінің төменгі жағы үйілденіп, шорланып-жуандап кететін қайыңдар бар. Оған тіпті балта да батпайды. Мұны Карелия қайыңы деп атайды. Оның ағашынан әшекейлі әсем жиһаз, қобдиша және әр түрлі безендіру заттарын жасайды. Карелия қайыңы өте сирек ұшырасады. Сондықтан қазір оны қолдан жасанды жолмен өсіруге әрекет жасалуда.