Тритий
ТРИТИЙ (Trіtіum), T немесе 3Н – массалық саны 3-ке тең болатын сутектің ең ауыр радиоактивті изотопы. Оны 1934 жылы ағылшын ғалымдары Э.Резерфорд, М.Л. Олифант және П.Хартек ашқан. Ядросы бір протон мен екі нейтроннан тұрады. Тритий табиғатта ғарыштық сәулелердің құрамындағы нейтрондардың азот атомдарына әсер етуі нәтижесінде атмосфераның Жоғарғы қабатында түзіліп , жаңбыр суымен жер бетіне түседі. Тритий газ, балқу t – 252,52°С, қайнау t – 248,12°С, булану жылуы 333 кал/моль. Өндірісте ядролық реакторларда литийді нейтрондармен сәулелендіру арқылы алады. Химиялық және биологиялық зерттеулер кезінде изотоптық индикатор ретінде “таңбалау” әдісінде, өте көп мөлшерде жылу бөлетіндіктен термоядролық отын ретінде пайдаланылады. Тритий атомының ядросы тритон деп аталады.[1][2]
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |