Сари

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Сариүнді әйелдерінің дәстүрлі киімі.

Ұзындығы 4,5 метрден 9 метрге (кейде 12 метр) дейін, ал ені 1,2 метрге дейін болатын, денеге орайтын мата кесіндісі. Мата жиегі өрнектеліп, оған таспа тағылуы мүмкін. Сариді чопи немесе равика кеудешесімен және белдемшемен (оңтүстікте – павада, шығыс Үндістанда – шая) киеді. Әйелдер Сари матасын әлеуметтік және материалдық жағдайларына байланысты таңдаған. Бірақ оны кию бәріне міндетті саналған. Қазір де үнді сариі үнді мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Саридің түстері – үнді мәдениетіндегі белгілі бір мағынаны білдіреді. Мәселен, жесір әйелдер ешбір әшекейсіз, ою-өрнексіз ақ түсті сари киюі қажет. Ал егер жаңа босанған әйел болса, жеті күн бойы сары түсті сари кию керек. Себебі сары түс, олардың ұғымында, дін мен аскетизмді білдіреді. Ал қызыл сариді үйлену тойында киеді. Сондай-ақ Үндістанның кейбір жерлерінде тойға жасыл түсті сари де киеді екен. Жасыл түс – ислам түсі. Көк түсті сариді шудрлардың төменгі касталардан шыққан әйелдері киеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Alkazi, Roshan (1983) «Ancient Indian costume», Art Heritage; Ghurye (1951) «Indian costume», Popular book depot (Bombay); Boulanger, Chantal; (1997)