[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Млет

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Млет
xорв. Mljet
Сипаттамасы
Ауданы100,41 км²
Ең биік нүктесі514 м
Тұрғындар (2011 жыл)1088 адам
Халық тығыздығы10,836 адам/км²
Орналасуы
42°44′49″ с. е. 17°31′51″ ш. б. / 42.74694° с. е. 17.53083° ш. б. / 42.74694; 17.53083 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°44′49″ с. е. 17°31′51″ ш. б. / 42.74694° с. е. 17.53083° ш. б. / 42.74694; 17.53083 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияАдрия теңізі
Ел Хорватия
АймақДубровник-Неретва жупаниясы
Млет (Хорватия)
Млет
Млет Ортаққорда

Млет, ескі атауы Мелида (xорв. Mljet, итал. Meleda, лат. Melita), — Хорватияның оңтүстік бөлігінде, далмат жағалауына жақын орналасқан арал. Млет аралы туралы алғашқы деректер ежелгі грек теңізшілерінің жазбаларында кездеседі, олардың Корчула, Вис және Хвар аралдарындағы колонияларға баратын жолы Млет бұғазы арқылы өткен. Млет аралы бірнеше рет қолдан қолға өткен. Римдіктер бұл аралды жер аудару орны ретінде пайдаланған, кейін ол босниялық монархтардың иелігінде болып, 1333 жылы олар оны Дубровникке сатқан. 1345-1808 жылдары арал Дубровник республикасының құрамында болды.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Арал аумағы – 100,41 км². Ұзындығы – 37 км, ені – 3 км. Жағалау сызығының ұзындығы – 131,3 км[1]. Млет аралы Адрия теңізіндегі ең оңтүстік және шығысқа қарай орналасқан ірі аралдардың бірі. Ол сонымен қатар хорват аралдарының ішінде ең ормандысы болып табылады (аумағының 72 %-ын орман алып жатыр).

Арал халқы – 1088 адам (2011), оның 99 %-ын хорваттар құрайды. Аралда ірі қалалар жоқ, кемелер мен яхталар Полаче (Polače), Помена (Pomena) және Собра (Sobra) елді мекендеріне тоқтайды. Аралдың батыс бөлігінде Ұлттық парк орналасқан. Шығыс бөлігінде әсем шығанақтары мен керемет жағажайларымен танымал. Арал Пелешац түбегінің оңтүстігінде орналасқан, оны Млет каналы бөліп жатыр. Аралға Дубровник пен Трстенодан тұрақты және туристік рейстер қатынайды.

Ұлттық паркі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аралдың батыс бөлігін Хорватияның ең көне ұлттық паркі «Млет» алып жатыр, ол 1960 жылдың 12 қарашасында құрылған. Қорықтың басты көрнекті жері — екі тұзды көл: Үлкен көл (Veliko, ауданы — 45 га, тереңдігі — 46 м) және Кіші көл (Malo, ауданы — 24 га, тереңдігі — 29 м). Үлкен көлде Әулие Мария аралы орналасқан, оны кейде «аралдағы арал» деп те атайды. XII ғасырда Млет аралында бенедиктіктер иелігіндегі біраттас монастырь құрылған.

Аралдың өсімдіктер мен жануарлар әлемі бірегей, бірақ ол ғасырлар бойы екі экологиялық апатты бастан өткерген. Біріншісі XII ғасырда монахтар Үлкен көлді теңізбен қосатын арнаны қазғанының нәтижесінде болды, бұл бастапқыда тұщы судың тұздануына әкелді. Екіншісі орта ғасырларда аралға көптеген жыландармен күресу үшін әкелінген мангустарға байланысты болды, олар жыландарды ғана емес, жабайы құстардың жұмыртқаларын жеп, олардың санын да едәуір азайтқан. Дегенмен, қазіргі уақытта аралдың экожүйесі қалпына келіп, жабайы мангустар парктің символына біріне айналған.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]