[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Луна-10

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Луна-10
Ұйымы  КСРО, Лавочкин ат. КБ
Тапсырысы Планета аралық автомат станция
Ұшыру күн-айы 1966 ж. 31 наурыз, Байқоңыр
Сөре көлігі Молния-М зымыран-тасығышы
Тапсырыс ұзақтығы 60 күн
NSSDC нөмірі 1966-027A
Массасы 1350 (245) кг

Луна-10кеңестік ғарыш станциясы, Айдың алғашқы жасанды серігі.[1]

Аппараттың биіктігі 1,5 метр, диаметрі 0,75 метр. Отынмен санағандағы салмағы 1350 кг, өз массасы 245 кг.

Хронологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1966 жылдың 31 наурызында Мәскеу уақытымен сағат 13:46:59 Луна-10 Байқоңырдан ұшырылды.

3 сәуірде сағат 21:44 станция Айдың орбитасына енді. Бастапқы апоцентр және перицентрі, сәйкесінше, 1015 және 349 шақырым болды. Айналу периоды — 2 сағат 58 минут.[2]

Зымыранның соңғы сатысынан бөлінгеннен кейін, станция химиялық батарейдің қуатымен Айды айналып, 460 айналым жасайды. Байланысқа 219 рет шығып, соңғы сигналын Жерге 30 мамыр күні жібереді.

Станцияға арналған пошта маркасы

Құрылғылары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Станция бортында магнитометр, гамма-спектрометр, бес газразрядты санауыш, екі иондық санауыш, микрометеориттер анықтағышы, рентгендік фотон анықтағышы және инфрақызыл детектор болды.

Мәселен, магнитометрдің көмегімен Ай магнит өрісінің кернеулігі Жердікінен шамамен 1000 есе кем екені анықталды. Микрометеориттер анықтағышы олардың Ай төңірегінде планетааралық кеңістіктен гөрі екі есе жиі кездесетінін көрсетті. Айдың гравитациялық өрісінде алғаш рет әртектілік табылып, оның станция орбитасына әсері зерттелді (кейін бұл құбылысты маскон атап кетеді).

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]