Лукас Васкес

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Лукас Васкес Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

1 шілде 1991 (1991-07-01) (33 жас)

Туған жері

Куртис, Испания

Азаматтығы

 Испания

Бойы

173

Салмағы

70

Позиция

жартылай қорғаушы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Реал Мадрид

Номері

17

Жастар клубы
2000—2004 Испания Куртис
2004—2007 ИспанияУрал
2007—2010 Испания Реал Мадрид
Клуб карьерасы[* 1]
2010— Испания Реал Мадрид 83 (10)
2010—2011 Испания Реал Мадрид C 14 (2)
2011—2014 Испания Реал Мадрид Кастилья 92 (15)
2014—2015   Испания Эспаньол 33 (3)
[2015-2022] Реал Мадрид
Ұлттық құрамы[* 2]
2016—  Испания 3 (0)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Лукас Васкес Иглесиас (ис. Lucas Vázquez Iglesias; 1 шілде 1991 жыл, Куртис, Испания) — испан футболшысы, «Реал Мадрид» клубының әмбебап қорғаушысы.

Карьерасын Испанияның төменгі лигаларында ойнайтын "Куртис", "Урале" клубтарында бастаған. 2007 жылдан бастап "Реал Мадрид" клубына келіп қосылды. Кейін "Реал Мадрид Кастилья" клубында 2014 жылға дейін ойнады. 2013 жылы команда "Сегундаға" жолдама алды да, Лукас Васкес "Реалдың" негізгі құрамына өтуге мүмкіндік алды. 2014 жылы "Эспаньол" клубына жалға берілді. Екінші турда "Севильяға" қарсы матчта жаңа клубының сапында тұңғыш рет алаңға шықты. Маусым бойы жақсы өнер көрсетті де, "Эспаньол" басшылығы оны біржола сатып алғысы келіп ұсыныс жасап еді, "Реал" тарапы келіскен жоқ. 2015 жылы "Реалға" қайта оралды да, негізгі құрам ойыншыларының біріне айнала бастады.

Ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қарсаңында Грузияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. ЕУРО-2016 турниріне барған 23 футболшының қатарына іліккенімен, негізгі құрамда алаңға шыға алмады.

Жетістіктері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Испания Реал Мадрид

  • Испания чемпионы (1): 2016/17
  • Чемпиондар Лигасы (2): 2015/16, 2016/17
  • УЕФА Суперкубогы (2): 2016, 2017
  • Клубтар арасындағы әлем чемпионаты (1): 2016

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]