Гарри, Сассекс герцогі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Гарри ханзада
ағылш. Prince Harry
Гарри, Сассекс герцогі
Гарри ханзада 2020 жылы
Гарри ханзада
Лауазымы
Ту
Ту
Сассекс герцогі
Ту
Ту
19 мамыр 2018 жылдан
Ізашары лауазымы ыдыраған, 1843 дейін Август Фредерик, Сассекс герцогі
Өмірбаяны
Діні Англикандық
Дүниеге келуі 15 қыркүйек 1984 (1984-09-15) (40 жас)
Паддингтон, Лондон, Англия, Ұлыбритания
Династия Виндзорлар
Туған кездегі есімі Генри Чарльз Альберт Дэвид
Әкесі III Чарльз
Анасы Ханшайым Диана
Жұбайы Меган, Сассекс герцогі
Балалары Арчи Маунтбеттен-Виндзор
Монограммасы Монограммасы
Гарри ханзада Ортаққорда

Ханзада Гарри, Сассекс герцогі (ағылш. Prince Harry, Duke of Sussex; Генри Чарльз Альберт Дэвид; ағылш. Henry Charles Albert David; 15 қыркүйек 1984, Лондон, Англия, Ұлыбритания) — III Чарльз бен оның марқұм бірінші әйелі ханшайым Диананың кіші ұлы. Қазіргі таңда Біріккен Патшалық тағының бесінші мұрагері.

15 қыркүйек, 1984 жылы сағат 16:20-да Лондонның орталық ауданы Паддингтонда туылды.[1]

Диана ханшайым балаларының оқшауланған жерде емес, кәдімгі мектепке барып, өз қатарластарымен араласқанын қалады. Басында Гарри Майнорс бала бақшасына барды, 1987 жылдың қыркүйегінде Лондондағы Уэзерби мектебіне барды, ал 1992 жылдан бастап Уильям ханзадасына қосылып Беркширдегі Ладгроув мектебінің оқушысы атанды. Ол жерде келесі бес жыл оқыды.

1997 жылғы 31 тамызда, Гарри 12 жаста болғанда, Парижде көлік апатынан оның анасы Диана ханшайым қайтыс болды. Аналарын жерлеу рәсімінде екі ағайынды оның табытының артынан ерді.[2]

17 жасында ханзада британдық БАҚ ішінде «жабайы бала» («wild child») атағын иемденді. Оған себеп — марихуана мен алкоголдік ішімдіктерді қолдану.

1998 жылдың қыркүйегінде Итон колледжіне түсті, және оны 2003 жылдың маусым айында география саласынан теріс бағада бітіріп шықты.

2005 жылы Гарри Сандхерстегі патшалық әскери академиясына түсті. Ол жерде 44 апталық әскери жаттығулар курсын сәтті аяқтады.

2007 жылдың сәуір айының соңында ханзаданың Иракқа әскери қызметпен баратыны жарияланды, бірақ сол жылдың мамыр айында Ауғанстанға жіберілетіні шешілді. Желтоқсан 2007 — ақпан 2008 аралығында Гильмендте қызметін атқарды.

7 қыркүйек, 2012 жылдан 2013 жылдың қаңтар айына дейін Ауғанстанның оңтүстігінде әскери іссапар қызметін атқарып, әскери тапсырмаларды жиі орындап жүрді.

Жеке өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2004 жылдан 2009 жылдың қаңтар айына дейін Челси Дэйвимен кездесіп жүрді.[3] 2009 жылдың қыркүйек айында БАҚ[4] Гарри Челсимен қайтадан кездесіп жүргенін айтты, бірақ қарым-қатынас ұзаққа созылмады. Челси Уильям ханзаданың үйлену тойына 29 сәуір 2011 жылы шықырылды. Одан кейін Челси — «мұндай өмір маған керек емес» деп, үйленуден бас тартты.

2013 жылдың наурыз айынан бастап Крессида Бонаспен кездесіп жүрді.[5][6] Олардың дастаны 2012 жылдың көктемінде басталған, алайда ұзаққа созылмады. 2013 жылы қайтадан кездесіп бастады. 2014 жылы 30 сәуір екі жұптың айырылысқаны жарияланды.

Меган Маркл.
Ханзада Гарри 2017 жылы Торонтода.

2016 жылы қарашада британдық және американдық БАҚ-та ханзада американдық актриса және модель Меган Марклмен тамыз айынан кездесіп жүріп жүр деген расталмаған мәлімет пайда болды.[7][8] 8 қараша Кенсингтон Сарайы ханзаданың қарым-қатынасын растады.

27 қараша 2017 жылы Меган Маркл мен ханзада Гарридің атастырылғаны белгілі болды. Үйлену тойы 19 мамыр 2018 жылы[9] Виндзор Сарайында өтті.

Ханзада Гарри мен Меган Маркл өз үйлену тойларына Ұлыбританияның әр шетінен 1200-ден астам адам шақырды. 15 қазан 2018 жылы екі жұп бала күтіп отырғаны жарияланды. Ол бала 2019 жылдың көктемінде туылады деп жорамалданған. 6 мамыр 2019 жылы Гарри ханзада мен Меган Марклда Арчи Харрисон Маунтбеттен-Виндзор есімді ұл туылды. Ол Біріккен Патшалық тағының жетінші мұрагері атанды.[10]

Ханзада Гарридің жеке таңбасы

Үйлену тойына дейін «Уэльс» титулын иемденіп жүрді. Меган Марклмен үйлену тойында ханзада Гарри «Сассекс герцогі» титулын алды.

  • 1984—2018: Оның Патшалық Мәртебесі Уэльс ханзадасы Генри (Гарри)
  • 2018—қазіргі күн: Оның Патшалық Мәртебесі Сассекс герцогі

2020 жылдың қаңтар айында ханзада Гарри мен Меган Маркл патшалық отбасыға қатысты негізгі жұмыс пен жауапкершіліктен бас тартатынын жариялады. Олар екі үйде тұратынын айтты — Ұлыбританияда және Канадада. 2020 жылдың көктемінен бастап олар өздерінің титулдарын қолданбайды және мемлекеттен қаражат алмайды. Сондай-ақ Гарри мен Меган өздерінің Виндзордағы үйлерінің жөндеу жұмысына кеткен 2.4 млн фунт стерлингті мемлекетке қайтаратынын айтты.

2020 жылдың қаңтарында Гарри мен Меган осындай шешімге келгеніне байланысты, олар 2020 жылдың көктемінен бастап «Оның Патшалық Мәртебесі» титулының біршама бөлігінен айырылып, герцог титулын сақтады.[11]

Қызықты мәліметтер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]