Баритон
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Негізгі вокалды диапазондар |
Әйелдердікі |
Ерлердікі |
Баритон (италянша barіtono) — 1) бас пен тенордың арасындағы дауыс. Лирикалық және драммалық Баритон болып бөлінеді. Операда Баритон дауыспен, көбіне, ақыл-ой тереңдігімен, қаһармандық күш-жігерімен ерекшеленетін басты немесе жетекші партиялар орындалады. Мысалы, Абай (А.Жұбанов, Л.Хамиди, “Абай” операсы), Жалбыр (Е.Брусиловский, “Жалбыр” музыкалық драмасы), Қожағұл (М.Төлебаев, “Біржан — Сара” операсы) партиялары Баритонға арналып жазылған; 2) Виола тектес ішекті аспапты, саксагорн түрлеріне жататын үрлемелі аспапты да Баритон дейді; 3) үрлемелі аспаптардың (мысалы, саксафон Баритон, баритондық гобой, т.б.) түрі. [1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Baritones |