Ашуғ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Армян миниатюрасы XIII ғ.

Ашуғ немесе ашик (әз. Aşıq, арм. Աշուղ, парсы: عاشیق‎) — Әзірбайжан , армян және басқа да кавказ халықтарының халық жыршысы. Ашуғ атауы Квказда 16 — 17 ғасырдарда пайда болған. Ашуғ шығармашылығы халықтығымен ерекшеленеді. Ашуғ өнері көпқырлы. Өлең мәтінін өздері шығарып, оған лайықты ән табады, сөйтіп ішекті аспаптарды (саз, тар, кеманча) тарта отырып, кейде билеп жүріп орындайды. Репертуарында өз шығармаларынан басқа халық өлеңдері, эпикалық жырлар (дастандар) болады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том