Абдул-Баһа
Абдул-Баһа | |
<font="+10">араб.: عبد البهاءله | |
Туған күні | |
---|---|
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері |
Хайфа, Осман империясы, (қазіргі Израиль) |
Азаматтығы |
ирандық |
Әкесі | |
Анасы |
Асия Ханым |
Жұбайы |
Мунира Ханым |
Абдул-Баһа (Абд эль-Баха; араб.: عبد البهاءله, «Баһаның құлы»; туған кезде берілген есімі Аббас-Эфенді; 1844—1921) — дін қайраткері, баһаи дінінің негізін қалаушылардың бірі. Әкесі Баһаулла (араб. «Баһа Аллаһ» — жарқыл, Құдайдың асқан әсемдігі) есімімен белгілі Мырза Хусейн Әли, баһаи сенімінің негізін қалаушы болып табылады. Абдул-Баһа 1844 жылы 23 мамырда Иранда өмірге келіп Аббас атанғанымен, Абдул-Баһа («Баһаның құлы») есімін қабылдап өзінің болашақ өмірін әкесінің ілімін барша халыққа жеткізуге арнады.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1892 жылы Баһаулла қайтыс болды. Қайтыс болар алдында ол өзінің өсиетінде Абдул-Баһаны баһаи қауымының көшбасысы болып қалдырды. 1898 жылы Абдул-Баһа Осман империясының қол астында тұтқында болғанда, алғаш рет Аккаға сонау Батыстан баһаи-қажылар келді. 1908 жылы Абдул-Баһа бостандыққа шыққанда ол Мысырға, 1911—1912 жылдары Америка мен Еуропаға үлкен сапарға аттанды. Сол жерлерде ол Баһаулланың бірлік пен Әлеуметтік әділеттілік туралы хабарын діни қоғамдарда, кәсіподақ, университет факультеттерінде, журналистер мен мемлекеттік шенеуніктердің алдында және де қыруар әлеуметтік жиналыстар үстінде жариялады. Абдул-Баһа өзінің көптеген шығармаларын ереже бойынша діндар адамдарға жолдау және кейбір сұрақтарға жауап ретінде жазды. Сондай-ақ оның бірталай сұхбаттары мен халыққа деген үндеулері жазылған. Сол әңгімелерінде ол Баһаулламен орнатылған жалпы қағидаттардың нақты қолданылуын түсіндіріп толық түсініктемелерін береді.
Бірінші дүние жүзі соғысы кезіндегі жылдарын Абдул-Баһа Хайфада (қазіргі Израиль) өткізді. 1920 жылы қоғамдық қызметі үшін (соғыс кезінде Палестинадағы ашыққандарға көмек көрсету) ол Британ империясының орденімен марапатталды.
Абдул-Баһа 1921 жылы 28 қарашада Хайфа қаласында өмірден қайтты. Өз өмірінде Баһаи дінінің негізін нығайтып оны барлық әлемге таратты. Өзінен кейін немересі Шоги Эфендіні қалдырды.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Абдул-Баһа |
- Баһаи жазбалары — Баһаулла, Абдул-Баһа Мұрағатталған 18 қаңтардың 2013 жылы.