The Onion Router

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
The Onion Router
логотипі
скриншоты
Тіл(дер)і

орысша, ағылшынша тағы 13 тіл

Кірушілер саны

2 млн.

Авторы

The Tor Project, Inc.[1][2]

Ашылған уақыты

2002 жылыы

Қазіргі статусы

белсенді


The Onion Router(Tor) - онлайн анонимдікті қамтамасыз ететін бағдарлама. Tor желісін пайдаланушы желілік ресурстармен проксилердің жиынтығы арқасында бірігеді. Олар тізбектеліп отырады. Жеке-жеке тізбектегі құрылғылар пайдаланушының IP-мекенжайлары мен ресурстарды сақтамайды.

Tor-дың тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

АҚШ Әскери-теңіздік Зерттеу лабораториясында DARPA-мен бірлесіп жасаған. Жұмыстарды Пол Сиверсон жүргізген. Кейбір деректер бойынша технология тиімді дамыту үшін, құпиялықтан шығарып, тәуелсіз дамытушылардың кодты өңдеуіне рұқсат берілген. 2002 жылы тұтынушы-серверлік нұсқасы жасақталды. Ашық пайдалануға беріліп, кез келген пайдаланушы оның багтарын тексеруіне болатын

Tor-дың қаржыландырылуы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2012 жылы Torproject.org сайтында жарияланған құжаттарға сәйкес технологияның негізгі демеушісі АҚШ-тың Қарулы күштер министрлігі. Бір жыл ішінде министрлік $876 мың жұмсаған. Сонымен қатар жобаны АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті мен Ұлттық ғылми қор да қаржыландырады. 2012 жылы жобаның қаржы көлемі $1.2 млн құрады. 2014 жылы сайтта жоғарыда аталған ұйымдардан басқа, Google, Ford, «Азия азаттық» және Стэнфорд университеті қаржыландырады.

Tor-дың пайдалануы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Желін пайдаланушылар саны 2 млн адамнан асады. Олардың 13 пайызы АҚШ-тан, 8.7 пайыз – Германия, 6.25 – Франция, 5.7 – Бразилия, 5.5. – Ресей. Бұл желі тек байланыстарды емес, серверлерді де жасырып ала алады. Осының арқасында .onion жоғарғы деңгейлі домендік атауды пайдаланады. Сонымен қатар, жасырын сайттар заңсыз әрекеттер үшін де пайдаланылады. Сервисті өз ақпараттарын сақтағысы келетіндер, цензураны айналып өту, керекті деректерді жасырын бергісі келетін азаматтар пайдаланады. Журналистер өздеріне төнуі мүмкін қауіптерден сақтана алады, анонимді дереккөздерден ақпарат жинаудың тиімді құралы.

Сырқы сілтелемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Torproject.org

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Opera

  1. GuideStar USA, Inc. GuideStar Exchange Reports for The Tor Project Inc  (ағыл.). Үлгі:Не переведено 3. Басты дереккөзінен мұрағатталған 23 қыркүйек 2013. Тексерілді, 5 қыркүйек 2014.
  2. Nonprofit Explorer Nonprofit Explorer — TOR PROJECT INC  (ағыл.). projects.propublica.org. Басты дереккөзінен мұрағатталған 29 тамыз 2013. Тексерілді, 23 қыркүйек 2014.