Perseverance
Perseverance | |
---|---|
Ұйымы | НАСА |
Басты мердігерлері | Jet Propulsion Laboratory |
Тапсырысы | Зерттеуші ровер |
Ұшыру күн-айы | 2020 ж. 30 шілде |
Сөре көлігі | Atlas V-541 зымыраны |
Тапсырыс ұзақтығы | 2021 ж. 18 ақпаннан бастап |
Массасы | 1025 kg |
Қуаты | 110 W |
Perseverance (ағылшыннан «табандылық» дегенді білдіреді) — «Марс-2020» миссиясы бойынша Марсқа ұшырылған ровер, көлемі 3 × 2,7 × 2,2 метр. Аппарат Ingenuity тікұшақ дронымен жабдықталған.
2020 жылдың 30 шілдесінде Канаверал мүйісінен ұшырылған ровер 2021 жылдың 18 ақпанында Қызыл планетаның Езеро кратеріне сәтті қонды.[1]
Құрылысы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұл ровер Марсқа 2011 жылы ұшырылған Curiosity роверінің технологиясы негізінде жасалған.[2] Инженерлер ровердің алюминий дөңгелектерін мықтырақ қылу үшін олардың енін қысқартып, диаметрін 50 сантиметрден 52,5 сантиметрге дейін үлкейтті; ішіндегі құрылғылар санының өскенімен қатар бұл ровердің массасын 17%-ға арттырды.[3][4] Роверде ұзындығы 2,1 метрге жететін роботтандырылған қол бар, ол Марс топырағының үлгілерін алуға арналған[5]
Аппаратты қуаттайтын термоэлектрлік генератор плутоний диоксидының реакциялары арқасында жұмыс істейді, ол түнде де, шаңды дауыл кезінде де жарамды болады, жұмыс мерзімі 14 жылға дейін жетеді.[6] Сондай-ақ екі литий-ионды батареясы бар.
Құрылғылары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Жеті ғылыми-зерттеулік құрылғысы
- Planetary Instrument for X-Ray Lithochemistry (PIXL) — рентгенофлюоресценттік спектрометр грунттың элементарлық талдауын жасайды
- Radar Imager for Mars' subsurface experiment (RIMFAX) — георадар жер қыртыстары құрылысын 10 метрге дейін тереңдікке зерттейді, жерасты суларының бар-жоғын анықтайды
- Mars Environmental Dynamics Analyzer (MEDA) — температураны, жел бағыты мен жылдамдығын, атмосфералық қысымды, ылғалдылықты, радиацияны, атмосфераның ластану мөлшерін өлшейді
- Mars Oxygen ISRU Experiment (MOXIE) — Марс атмосферасындағы көмірқышқыл газынан біршама оттегіні шығарып алу тәжірибесі
- SuperCam — топырақтың химиялық пен минералогиялық талдауын жасайды, органикалық қосылыстарды табуға да арналған
- Mastcam-Z — екі камерадан тұратын панорамалық пен стереоскопиялық бейнелеуге арналған құрылғы
- Scanning Habitable Environments with Raman and Luminescence for Organics and Chemicals (SHERLOC) — ультракүлгін спектрометр, органикалық қосылыстарды анықтайды
- Марстық тікұшақ
- Ingenuity — күн батареяларымен жұмыс істейтін тікұшақ дроны, бірнеше камерамен жабдықталған, салмағы 1,8 кг[7] Негізімен Марста ұшу мүмкіндігін анықтауға арналған.[8]
Естелік метал табақшалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Send Your Name to Mars
НАСА "Send Your Name to Mars" кампаниясы аясында 11 миллионға жуық еріктінің есімдерін жинақтап, оны үш микрочипке жаздырып, арнайы алюминий табақшаға бекіткен. Табақшада лазермен Жер, Марс, Күн суреттері салынған. Ол роверге 26 наурызда бекітіліп орнатылған.[9]
- Дәрігерлерді құптайтын метал табақша
Perseverance аппаратын ұшыру жоспарына COVID-19 пандемиясы едәуір әсер етті. Бұған орай, денсаулық сақтау қызметкерлерін құптау мақсатымен роверге арнайы метал табақшасы орнатылды, онда медицина нышаны — Асклепий асатаяғына айнала өрмелеп шыққан жылан бейнесі салынған, мөлшерлері — 8 де 13 сантиметр.[10]
Галерея
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Perseverance жіберген алғашқы фото
-
Марс ровер іздерінің алғашқы фотосы
-
Ingenuity тікұшақ дроны
-
Өзін түсіргені
-
Дөңгелегі
-
Марстағы тас
-
Кемпірқосақ тәрізді құбылыс
-
Mastcam-Z түсірген фото
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Perseverance rover |
- Mars 2020 миссиясы NASA сайтында
- Mars 2020: Overview (2:58; 27 July 2020; NASA) YouTube сайтында
- Mars 2020: LAUNCH of Rover (6:40; 30 July 2020) YouTube сайтында
- Mars 2020: LAUNCH of Rover (1:11; 30 July 2020; NASA) YouTube сайтында
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ mars.nasa.gov Touchdown! NASA's Mars Perseverance Rover Safely Lands on Red Planet. NASA.
- ↑ Wall, Mike. NASA to Launch New Mars Rover in 2020, Space.com (4 December 2012).
- ↑ Mars 2020 rover receives upgraded eyesight for tricky skycrane landing. NASASpaceFlight.com.
- ↑ Mars 2020 – Body: New Wheels for Mars 2020. NASA/JPL.
- ↑ Mars 2020 Rover's 7-Foot-Long Robotic Arm Installed (28 June 2019).
- ↑ Mars 2020 Rover Tech Specs. JPL/NASA.
- ↑ Mars Helicopter to Fly on NASA's Next Red Planet Rover Mission. NASA.
- ↑ Mars mission readies tiny chopper for Red Planet flight (29 August 2019).
- ↑ 10.9 Million Names Now Aboard NASA's Perseverance Mars Rover, Mars Exploration Program (26 March 2020).
- ↑ June 2020, Mike Wall 17 NASA's next Mars rover carries tribute to healthcare workers fighting coronavirus (ағыл.).
|