Әлпен
Әлпен | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||||
35 түрі белгілі |
Әлпен (лат. Chaerophyllum) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы.
Еуразия және Америкада кездесетін 40-қа жуық түрі белгілі. Қазақстанда ылғалы мол шабындықтарда, жазық далалы аймақтарда және тал-терек өскен шоқыларда өсетін 1 түрі – прескот Ә-і (Ch. Prescottіі) бар. Биікт. 50 – 90 см, тамыры түйнекті, шар тәрізді. Сабағы қуысты, тік өседі, жоғары жағы бұтақтанған. Жапырақтарының шеті тілімденген. Тостағанша жапырақтары тіссіз, желектері ақ немесе қызғылт түсті. Ұсақ гүлдері күрделі шатырша гүлшоғырына топталған. Маусым айында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі қысыңқы, ұзынша. Ә. астық тұқымдас өсімдіктердің арамшөбі болып саналады. Оларды жою үшін ерте көктемде жерді терең жыртып, тұқымын тазалап, гербицидтер шашады.[1]