Ұлы жазықтар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Ұлы жазықтар
ағылш. Great Plains
Линкольнның маңындағы Ұлы жазықтар, Небраска, АҚШ
Линкольнның маңындағы Ұлы жазықтар, Небраска, АҚШ
Сипаттамасы
Теңiз деңгейiнен биіктігі700—1800 м
Солтүстіктен оңтүстікке
дейінгі қашықтық
3600 км
Батыстан шығысқа
дейінгі қашықтық
800 км
Орналасуы
37° с. е. 97° б. б. / 37° с. е. 97° б. б. / 37; -97 (G) (O) (Я)Координаттар: 37° с. е. 97° б. б. / 37° с. е. 97° б. б. / 37; -97 (G) (O) (Я) (T)
Елдер АҚШ
 Канада
Ұлы жазықтар (Солтүстік Америка)
Ұлы жазықтар
Ұлы жазықтар Ортаққорда
АҚШ картасында
Миссисипи өзені

Ұлы жазықтар (ағылш. Great Plains) - Оңтүстік Канаданы алып жатқан, Сеңгір таулары мен Миссисипи өзенінің арасындағы кең алқапты қамти отырып, оңтүстікке қарай созыла түседі.

АҚШ-та Ұлы жазықтарда Солтүстік Дакота, Оңтүстік Дакота, Монтана, Вайоминг, Колорадо, Небраска мен Канзас штаттары, сондай-ақ неғұрлым оңтүстік штаттар: Оклахома, Нью-Мексико мен Техас орналасқан. Өте ежелгі заманда Ұлы жазықтардың көпшілік бөлігін ішкі теңіз алып жатқан, шөгінді жыныстар жер бетінің астында горизонталь қабаттар түзеді. Климатына Тынық мұхиттан желмен келетін ылғалды жібермейтін Кордильера таулары үлкен әсер етеді. Қыста қар аз түседі, жазы құрғақ, нөсер жауындар сирек жауады, күшті желдердің әсерінен шаңды дауылдар болып тұрады.

Солтүстік Дакотадағы бизон ескерткіші

Бұрынғы замандарда Ұлы жазықтар жалпы саны 50 млн-нан асатын бизондардың алып үйірлері жайылып жүрген, дүние жүзіндегі Ұлы далалардың бірі болған. Бұл далалардың даңқы құнарлы топырағымен шықты, ол XIX ғасырдың басынан бастап қарқынды түрде жыртыла бастады. Ұзақ жылдар бойы жыртқыштықпен пайдалану және шаңды дауылдар топырақтың эрозияға ұшырауына әкеп соқты. Алайда шаруашылықтың қазіргі заманғы технологиясы мен суландырудың нәтижесінде солтүстік америка далалары қыруар мал үшін жайылым, сондай-ақ бидай, қара бидай, арпа тәрізді дақылдар мен жоңышқа себілетін егіс даласы ретінде тиімді пайдаланылуда. Мұнда дүниежүзілік нарыққа шығарылатын бүкіл астықтың 75%-дан астамы өсіріледі. Дегенмен бұл аграрлық штаттарда өнеркәсіптің дамуы мен пайдалы байлықтарын өндіруге де үлкен көңіл бөлінеді. Мысалы, Оңтүстік Дакотадан алтын өндіріледі, ал Солтүстік Дакота, Небраска мен Канзаста мұнай мен газдың ірі кен орындарын игеру жұмыстары жүргізілуде.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. —Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5