Құну

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Құну

Амандық күйі
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Сүтқоректілер
Сабы: Жыртқыштар
Тұқымдасы: Mustelidae
Тегі: Gulo
Паллас, 1780
Түрі: G. gulo
Екі-есімді атауы
Gulo gulo
(Линней, 1758)
Ареал
Ареал

Құну (лат. Gulo gulo) – сусарлар тұқымдасына жататын жыртқыш сүтқоректі аң.

Қазақстанда Оңтүстік Алтай тауындағы самырсын, майқарағай, қайың өскен ну ормандар мен тау өзендерінің бойындағы тоғайларды мекендейді.

Дене тұрқы 70 — 105 см, салмағы 12 — 19 кг. Жүні ұзын әрі қылшықты қоңыр-сұр түсті. Құйрық жүні үлпілдек. Екі бүйірінде және маңдайында ақшыл сары түсті жолағы болады. Наурыз — сәуір айларында түлеп, үлпілдек жүні қарашада толық жетіледі. Түнде белсенді тіршілік етеді. Көктемде ұрпақтарын қоректендіріп жүргендері күндіз де кездеседі. Құнудың негізгі қорегі тұяқты жануарлар (елік, құдыр, марал), кейде өлекселерді де, сондай-ақ, ақ қоян, құр, тоқалтістілерді, жазда өсімдік тұқымдары мен дәндерін қорек етеді. Құну күйлеу кезінен басқа уақытта жеке жүреді. 3 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Маусым мен шілдеде ұйығу (күйлеу) басталып, 8 — 10 айдан кейін ақпан — наурызда аналығы 1 — 4 күшік туады. Олар 6 — 8 айда өз бетінше өмір сүре бастайды. Құну терісі бағалы жыртқыш, бірақ саны аз болғандықтан кәсіптік маңызы шамалы. Құну терісі әйелдердің қысқы киімінің жағасына, бас киім тігуге пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы