Қордай ауданы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан ауданы
Қордай ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Жамбыл облысы

Аудан орталығы

Қордай

Ауылдық округтер саны

19

Ауыл саны

41

Әкімі

Бегзат Сейсенқұлұлы Болатбеков

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Қордай ауылы, Төле би көшесі, №106

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°19′48″ с. е. 75°04′12″ ш. б. / 43.33000° с. е. 75.07000° ш. б. / 43.33000; 75.07000 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°19′48″ с. е. 75°04′12″ ш. б. / 43.33000° с. е. 75.07000° ш. б. / 43.33000; 75.07000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

8,9 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

158 538[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (49,31%), дүңгендер (34,79%), орыстар (9,38%), әзербайжандар (2,75%), қырғыздар (1,05%), түріктер (0,71%), басқалары (2,01%)[2]

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

08

Қордай ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Қордай ауданы

Облыс картасындағы Қордай ауданы

Қордай ауданыЖамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілк бөлік. Алғашында (17.1.1928) Алматы округінің құрамында, кейіннен (14.10.1939) Жамбыл облысына қосылады. Аумағы 8,9 мың км². Орталығы – Қордай ауылы.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Батысында Шу ауданымен, шығысында Алматы облысының Жамбыл ауданымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.

Қордай ауданының жері негізінен таулы. Солтүстік және шығыс бөлігін Шу-Іле таулары алып жатыр (биіктіктері теңіз деңгейінен 1000 м-ден жоғары). Кіндіктас, Жетіжол, т.б. тау жоталары ауданның орталық және оңтүстік-шығыс бөлігін қамтиды. Шу аңғары жазық келген. Аудан жерінде кен байлықтарынан гранит (2,6 млн. м³), әктас пен тақтатас (87,4 млн. т), аглопоритті құм (3,1 млн. м³), флюорит (0,467 млн. т), алтынды кентас (0,305 млн. т), молибден (12,2 мың т) және құрылыс тастары кені (8,05 млн. м³) барланған. Олардың кейбіреулері өндірілуде.

Климаты континенттік, қысы-жазы жиі-жиі Қордай желі соғып тұрады. Ауаның қаңтардағы орташа температурасы –8 – 10 °C, шілдеде 22 – 24 °C. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 – 350 мм, олардың басым бөлігі күз және қыс айларында жауады. Аязсыз мерзімі 150 – 180 күн.

Шу өзені

Аудан жерімен Шу өзенінің оң саласы саналатын Ырғайты, Қалғұты, Қарақоңыз, Қақпатас (Қақпақтас), Кіндіктас пен Жетіжолдан бастау алатын бірнеше кішігірім өзендер ағады. Ауданның орталық және оңтүстік-шығысынан Іле өзенінің алабына жататын, жазда құрғап қалатын Жаманты, Иірсу, Өзынсу т.б. өзендер ағады. Қақпатас, Қарақоңыз өзендері алабында осы өзендердің атымен аталатын бөгендер салынған. Олардағы судың жалпы сыйымдылығы 18,7 млн. м³. Олар аудан шарушылықтарының 4,5 мың гектар жерін суарады және суландырады. Одан басқа аудан аумағында Алтыайғыр, Майбұлақ және Қалғұты тоғандары бар. Шу өзенінен бірнеше каналдар тартылған. Олардың ең ірісі – Георгиевка каналы.

Аудан жерінде қоңыр, шалғынды қоңыр, шалғынды сор, қызыл қоңыр, солтүстігінде (Қопа және Қараой жазығында) сұр, сортаңды сұр топырақ қалыптасқан. Онда жусан, бетеге, боз, сұлыбас, сораң шөптер, қамыс, шырғанақ, тал өседі. Жануарлар дүниесінен таутеке, елік, қасқыр, түлкі, борсық, қоян, құстардан тау күркетауығы, тырна, бұлдырық, қырғауыл т.б. тіршілік етеді.

1939 1959 1970 1979 1989[3] 1999 2009[4] 2021
 36295 71292 91359 67947 110575 104652 124684 156270

Тұрғыны 143 827 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (49,62%), дүнгендер (33,81%), орыстар (9,93%), әзербайжандар (2,68%), қырғыздар (1,06%), түріктер (0,71%), немістер (0,30%), басқалары (1,90%).

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудандағы 41 елді мекен 19 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[5]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Алға ауылдық округі 958 1106 115,4 497 571 114,9 461 535 116,1
Ауқатты ауылдық округі 7237 8541 118 3619 4350 120,2 3618 4191 115,8
Бетқайнар ауылдық округі 4562 5923 129,8 2235 2962 132,5 2327 2961 127,2
Жамбыл ауылдық округі 4541 6231 137,2 2269 3176 140 2272 3055 134,5
Кенен ауылдық округі 2496 2269 90,9 1249 1164 93,2 1247 1105 88,6
Қақпатас ауылдық округі 2693 3620 134,4 1356 1834 135,3 1337 1786 133,6
Қаракемер ауылдық округі 3286 3547 107,9 1619 1784 110,2 1667 1763 105,8
Қарасай ауылдық округі 4413 3549 80,4 2156 1777 82,4 2257 1772 78,5
Қарасу ауылдық округі 4724 6105 129,2 2338 3054 130,6 2386 3051 127,9
Қасық ауылдық округі 3378 4720 139,7 1603 2307 143,9 1775 2413 135,9
Қордай ауылдық округі 27443 38012 138,5 12888 17828 138,3 14555 20184 138,7
Масанчи ауылдық округі 14502 18461 127,3 7351 9360 127,3 7151 9101 127,3
Ноғайбай ауылдық округі 2404 2421 100,7 1209 1265 104,6 1195 1156 96,7
Отар ауылдық округі 11749 13096 111,5 5780 7055 122,1 5969 6041 101,2
Сарыбұлақ ауылдық округі 5919 7329 123,8 2897 3604 124,4 3022 3725 123,3
Сортөбе ауылдық округі 17183 23093 134,4 8564 11453 133,7 8619 11640 135,1
Степной ауылдық округі 4484 6040 134,7 2247 3038 135,2 2237 3002 134,2
Сұлутөр ауылдық округі 1283 981 76,5 639 502 78,6 644 479 74,4
Үлкен Сұлутөр ауылдық округі 1429 1226 85,8 694 615 88,6 735 611 83,1
ЖАЛПЫ САНЫ 124684 156270 125,3 61210 77699 126,9 63474 78571 123,8
Қордай кедені, Қазақстан Қырғызстан шекаралары
Ірі елді мекендері:
Ауыл аты Халық саны (2021)
Қордай 38012
Сортөбе 19458
Масанчи 17631
Гвардейский 7898
Ауқатты 6672
Бетқайнар 5587
Қарасу 4929
Отар 4896
Жамбыл 4661
Сарыбұлақ 4232
Қарасай батыр 3474
Әлжан ана 3378
Қаракемер 3338
Қайнар 3097

Ауыл шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан шаруашылығы негізінен қант қызылшасын, сүтті-етті мал, қой өсіру, астық өндіруге маманданған. Аудан шаруашылығына пайдаланылатын жердің аумағы 234,0 мың гектар, оның ішінде жыртылған жері 52,6 мың гектар (13,6 мың гектары суармалы), көп жылдық өсімдіктер 0,508 мың гектар жерді қамтиды. Шабындығы 4,8 мың гектар, жайылымы 180,0 мың гектар. 2001 ж. дәнді дақылдар 70,5 мың гектар жерді, қант қызылшасы 0,1 мың га, майлы дақылдар 4,2 мың гектар, темекі 82 гектар, картоп 1,5 мың гектар, көкөніс 4,0 мың гектар, бақша егісі 1,2 мың гектар жерді қамтыды. Сонымен қатар, 484 гектар жерге жемістік және жүзімдік дақылдар отырғызылған.

Ауданның барлық меншік түрлерінде (2001) 30,4 мың сиыр, 15,2 мың шошқа, 207,6 мың қой мен ешкі, 6,5 мың жылқы, 175,1 мың құс болған. Аудан шаруашылығы өнімдерін өндіретін 10 ассоциация жұмыс істейді.

2001 жылдың қазан айындағы көрсеткіш бойынша ауданда халыққа түрлі салада қызмет көрсететін 668 шаруа қожалығы, 9 ӨК, 4 АҚ және 9 ЖШС болған.

Ауданда 2001 жылдың басында 730 трактор, 180 комбайн, жем-шөп жинайтын 54 комбайн, қызылша жинайтын 3 комбайн болды. Ауданда 10 ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін ассоциациясы болған. Элита тұқымды және тұқым шаруашылықтарынан астық бағытындағы «Достық» өндірістік кооперативі және «Қайнар» акционерлік қоғамы «Стекловидная – 24», «Безостая – 1», «Богарная – 56», «Интенсивная», «Жетісу» сорттарын өндірумен шұғылданды. 2001 жылдың қазан айындағы көрсеткіш бойынша ауданда 668 шаруа қожалықтары құрылып, олар жоғарыда айтылған көрсеткіштерге жетті. Ал, шаруашылық субъектілерінің ұйымдастыру-құқықтық түрлерінің саны аудан бойынша 1.10. 2001 ж. 690-ға жетті, оның 668-шаруа қожалығы, 9 өндірістік кооперативті. Ауданда 4 акционионерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі 9 серіктестік тіркелген.

Әлеуметтік нысандар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қордай ауданында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеттің филиалы, Ноғайбай ауыл шаруашылығы колледжі бар. Одан басқа, ауданда мектепке дейінгі 1 балалар мекемесі, жалпы білім беретін 48 мектеп, мәдениет объектілерінен 28 мәдениет үйі, 2 музей, 38 кітапхана, денсаулық сақтау мекемелерінен 4 аудандық аурухана мен емханасы, 14 отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлі-акушерлік пункт және 12 фельдшерлі пункт болды. Ауданда әр түрлі 37 діни бірлестік бар. Оның ішінде 32 мешіт, одан басқа православиялық шіркеу, Свидетели Иегова, евангелиялық (баптистер), христиан адвентистерінің «7 күн» деп аталатын бірлестіктері тіркелген.

Аудан экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданда шағын кәсіпкершілікпен айналысатын мекемелердің 10,5% – өнеркәсіп өнімдері саласында, 13,2% – ауыл шаруашылығында, 30,9% – саудада, 2,6% – көлік және байланыс, 4,6% – құрылыста, 0,6% – қонақүй мен мейрамханаларда, қалған 37,5%-і басқа салаларда қызмет істейді. 1991 ж. қарағанда 2001 жылы өнеркәсіп өсімі 20,9%-тен 91,1%-ке, яғни 4,5 есеге жуық өсіпті. Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндірумен 16 шағын кәсіпорын, ауыл шаруашылығында – 20, құрылыста – 7, көлік және байланыс саласында – 4, саудада – 47, қонақүй мен мейрамханада – 1, басқа салаларда 57 шағын мекемелер қызмет көрсетеді.

Қордай өңірі қазақтың халық ақыны, әнші Кенен Әзірбаевтің өмірімен тығыз байланысты. Аудан жерімен республикалық маңызы бар автомагистраль өтеді. Аудан орталығы – Қордай ауданынан Тараз қаласына дейінгі қашықтық 300 км-ді құрайды.

  1. Құрманғали Уәлиұлы Уәли әкімшілік басшысы 1992-95, әкім (02.1998-07.2007)
  2. Мұратбай Сматайұлы Жолдасбаев 2007—2009 жж.
  3. Ілияс Әлімұлы Тортаев (желтоқсан 2009 — қаңтар 2012)
  4. ?
  5. Нұржан Сәбитұлы Календеров 28 шілде 2013 года - 31 желтоқсан 2013 года
  6. Қайрат Әскербекұлы Досаев (17.02.2014-2017)
  7. Байтөле Болатбек Байқонысұлы 27 наурыз 2017

Ауданнан шыққан тұлғалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Марат Мәзiмбай (12.4. 1974) — кәсіпқой боксшы, IBА чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
  • Кенен Әзірбаев (1884-1976) — қазақтың әйгілі халық ақыны, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері.
  • Айгүл Иманбаева — (15.03.1977) Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында туған) эстрада әншісі, актриса.ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.
  • Саят Медеуов - (Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында туған) әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері.
  • Мақсат Базарбаев - (Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен ауылында туған) әнші
  • Несіпбек Дәутайұлы - Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Кенен аулының тумасы, жазушы, халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты
  • Марал Ысқақбай - Жамбыл облысы, Қордай ауданы, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері
  • Мұхтарбай Өтелбаев - Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемер аулының тумасы, академик, Профессор

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]