Әкім

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

ӘкімҚазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметiнiң жергiлiктi атқарушы органды басқаратын және тиісті аумақта мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiн, Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдардың барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесiмдi қызмет iстеуiн, тиiстi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететiн, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттiк басқару өкiлеттiгi берiлген, тиiстi аумақтың әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйiне жауапты өкiлi.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкімдіктің Басшысын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдік Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттілiгімен үйлестiре жүргізудi қамтамасыз етедi.

Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдікті облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкiмi басқарады.

Әкiм облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмдіктің әкiм орынбасарларын, әкiм аппаратының басшысын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларын тағайындайды.

Қазақстанда әкім лауазымы 1992 жылы 1 ақпаннан бастап жергілікті халық депутаттары Кеңесіне бағынатын ұжымдық орган — атқарушы комитеттің орнына енгізілген.[1] 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституция қолданысқа енгізілгенге дейін әкім лауазымы орыс тілінде әкімшілік басшысы (орыс. Глава администрации) деп аталды. Қазір бұл лауазым Ресей Федерациясына жалға берілген Байқоңыр қаласында сақталған.

Қазақстаннан бөлек әкім деп аталатын жергілікті билік басшысы Қырғызстанда (аким), Өзбекстанда (hokim) және Түрікменстанда (häkim) кездеседі.

Қазақстан Республикасындағы әртүрлі деңгейдегі әкімдер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімі — басқа елдерде көбінесе губернатор, префект деп аталады. Оны облыстық мәслихаттың келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды.
  • Қала әкімі — басқа елдерде көбінесе мэр, бургомистр деп аталады. Облыстық маңызы бар қала әкімін халық сайлайды немесе қалалық мәслихат келісімімен облыс әкімі тағайындайды.
  • Аудан әкімі — басқа елдерде көбінесе супрефект деп аталады. Аудан әкімін халық сайлайды немесе аудандық мәслихат келісімімен облыс әкімі тағайындайды.
  • Қаладағы аудан әкімі — қалалық мәслихат келісімімен қала әкімі тағайындайды.
  • Ауыл (аудандық маңызы бар қала) әкімі — халық сайлайды.[2]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]