Теология
Теология (гр. theos — Құдай және гр. logos — ілім, сөз) — Құдай жайлы дін ілімі. Теология ұғымын зерттеушілердің дені теистік діни ілімдермен байланыстырады. Теология ұғым ретінде христиан діні келгенге дейінгі Платон еңбектерінде де кездеседі. Платон бұл ұғымды өзінің Құдай жайлы ілімінде қолданбаса да, филос. тұрғыдан талданатын мифологияға байланысты қолданған. Кейіннен теология термині Гомер, Гесиод, Орфейдің поэмаларына қатысты қолданылып, оларды теолог деп атады. Аристотель теология терминімен «Бірінші философиясы» атап, оны Құдайлық мәңгілік заңдылықтарды зерттейтін жоғары дәрежедегі теориялық ілім деп таниды. Стоиктер теологияның үш тегін бөліп көрсетті: ақындықпен байланысты мифологиялық теология, философиямен байланысты физикалық теология, ресми дін өкілдері мен заңгерлерге қатысты саяси теология христиандықтың әртүрлі ағымдарының догматтарында да бұл терминді жиі қолданды. Бірқатар христиан апологеттері антик. философия мен теология арасында қарама-қайшылық жоқ деген пікірде болды. Теология жайлы аристотельдік түсінікті және нанымға негізделген діни сенімді үйлестіруге болады деп білді және сенді. Ал қайсыбір апологеттер бұған қарсы болып, осы тақырыптағы пікірталас ұзаққа созылды. XIII ғасырда теология - Құдай және оған сенім жайлы жүйелі ілім деген ұғым қалыптаса бастады. Теологияның негізінде метафизикалық күшке, құдіретте сенім жатқандықтан ол априорилы, яғни тәжірибе жасамай сенетін мәселе. Жалпы монотеистік діни кағидалармен сәйкестігіне орай теология терминін қазіргі Исламтануда иллахиат ұғымының баламасы ретінде қолданады. Теология аянға яғни Құдай сөзіне (қалам) негізделіп, Жаратушы болмысын материалдық дүниедегі заттар мен кұбьшыстарды талдау арқылы дәлелдейтін физикалық теология, Құдайлық бұйрық және ерік тұрғысынан адамгершілік моральдық принциптерді таңдап, Аллаһтың болмысын дәлелдейтін догмат. теология, Аллаһтың барлығы мен сипаттарын таяуда адам мүмкіңдігінің шектеулілігін, қолданатын ұғымдарының шарттылығын дәлелдеу арқылы Құдайдан барлығы мен шексіз құдіретін дәлелдеуге тырысатын негативтік теология болып методол. тұрғыда жіктеледі.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС,2010 ISBN 9965-26-322-1
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|