Сужидек
Сужидек | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Empetrum nigrum
| ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
|
Сужидек, шикша (лат. Empetrum) – сужидек тұқымдасына жататын бұта. Қазақстанда Алтайдың балқарағайлы ормандары мен таутас беткейлерінде және субальпілік белдемдеріндегі ылғалы мол жерлер мен қалың тоғай ішінде өсетін 1 түрі – голарктикалық сужидек (Е. subholarctіcum) бар. Оның биіктігі 15 – 40 см. Тамыры тармақталып өседі. Сабағы көп бұтақты. Сырты бұйраланған не безді түктер жапқан жас бұтақтары еміздік тәрізді. Жапырақтары кезектесіп орналасады, кейде бір-біріне жабысып, шоқтанып тұрады. Олардың ұзындығы 3 – 5, ені 1 мм-дей, 3 – 5 жылға дейін тұрады. Дара гүлдері қос не дара жынысты, жапырақ қолтығынан жетіледі, қызғылт, қошқыл қызыл түсті болады. Гүл жапырақтары түкті тостағаншаға жабысып өседі. Мамыр – маусым айларында гүлдеп, қыркүйекте жеміс салады. Жемісі қара түсті домалақ сүйекше, дәмі сулы жидек тәрізді тәтті. Өсімдіктің аты осыған байланысты аталған. Қыс бойы бұтақта ілініп тұрады, сондықтан қыс түсісімен жинап алады. Дәрілік қасиеті бар, жемісі жеуге жарамды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том