Селена
Селена (гр. Σελήνη, лат. Luna) немесе Мена (Мене) есімімен танымал — ежелгі грек мифологиясындағы Құдай-алыптардың бірі[1]. Алып, Гиперион мен Тейя алыптарының қызы[2], Гелиос пен Эостың әпкесі. Жарық айдың Құдайы[3]. Аркадяндарға сүйенсек, олар ай шықпай тұрып туылды[4]. Селенаға римдік Диана сәйкес келеді.
Аспанда оның ғашығы Зевстің өзі болды; Зевстен, Селена Афинада көктемгі күн мен түн теңелетін күнде құрмет тұтатын Пандияны туды; Тау Аркадиясында оның досы Пан болды. Айтулар бойынша, Пан Айды жақсы көріп, ақ қойға айланып, оны орманға әкеледі.
Әңгімеде айтылғандай, ат үстінде отырып келе жатқан Селена, Олимпияда бейнеленген. Кавказдық албандардың Селенаны құрмет тұтатыны туралы Страбон айтқын.
Ақындар, бірде оны «жарқырап тұрған түннің көзі» деп атайды (Пиндар, Эсхил), бірде аспандағы, қолында шамы бар, өз артынан жұлдыздарды алып жүрген сұлу және әсем әйел деп ойлайды, ол күміс жалтырымен ай толуында шыққанда (Салфо). Селена – Гиперионның қызы, Гелиостың әпкесі, яғни күннің; ол әсем ақ қанат пен жұмсақ шамы бүкіл жер мен аспанды жаулап тұрған басындағы күміс түсті шірдің иегері.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Мифы народов мира. М., 1991-92. В 2 т. Т.2. С.424, Любкер Ф. Реальный словарь классических древностей. М., 2001. В 3 т. Т.3. С.269; Псевдо-Аполлодор. Мифологическая библиотека I 6, 1; 7, 5
- ↑ Гесиод. Теогония 371; Псевдо-Аполлодор. Мифологическая библиотека I 2, 2
- ↑ Гомер. Одиссея IX 144
- ↑ Лукиан. Астрология туралы 26