[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Халықаралық бірліктер жүйесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(СИ бетінен бағытталды)
Көп қолданылатын төрт өлшеу құралы
BIPM шығарған SI логотипі, жеті SI базалық бірлігі мен жеті анықтаушы тұрақтысы көрсетеді. The SI logo, produced by the BIPM, showing the seven SI base units and the seven defining constants.[1]

Халықаралық бірліктер жүйесі (кейде Халықаралық өлшем бірліктері жүйесі (фр. Système International d'unités, SI) — бірліктер жүйесінің халықаралық үлгісі, метрикалық жүйенің заманауи нұсқасы. Ол әлемдегі барлық дерлік елдерде ресми мәртебеге ие жалғыз өлшем жүйесі.

1960 жылы, Парижде өткен өлшем мен салмақ жөніндегі ХІ жалпы конференциясында барлық ғылыми, техникалық, халықшаруашылығы салаларға және білім жүйесіне арналып қабылдаған физикалық шама бірліктері жүйесі ұсынылып бекітілді.[1] Кейін ол Өлшем мен салмақ жөніндегі 12 — 18 негізгі конференцияларда жүйелене түсті. Кеңес одағы оны 1963 жылдан бастап қолдана бастады (ГОСТ 9867 — 61), әрі 1982 жылдан бастап оны қолдануды міндеттеді.

Халықаралық бірліктер жүйесінің артықшылығы — оның ғылым мен техниканың барлық саласын қамтитын әмбебаптығы және пропорционалдық коэффициенттері болмайтын теңдеулер негізінде құрылатын туынды бірліктерінің бір-бірімен үйлесімділігі. Сондықтан есептеу кезінде егер барлық шамалардың мәнін Халықаралық бірліктер жүйесі арқылы өрнектейтін болсақ, онда формулаға бірлік таңдауға тәуелді емес коэффициeнттерді ендірудің қажеті болмайды.

SI күнделікті өмірмен қатар ғылым және техникада әлемдегі ең көп пайдаланатын бірліктер жүйесі болып табылады. Қазіргі кезде әлемнің көп елдерінде SI заңды түрдегі бірліктер жүйесі ретінде қабылданған және тіпті күнделікті өмірде дәстүрлі бірліктерді қолданатын елдердің өзі осы жүйе бірліктерін ғылымда әрқашан дерлік пайдаланады. Осы аздаған елдер (мысалы, АҚШ) дәстүрлі бірліктердің өзін SI бірліктерне ауыстырған.

Берілген кестеде Халықаралық бірліктер жүйесінің негізгі, қосымша және кейбір туынды бірліктерінің аталуы мен белгіленуі келтірілген. Алғашқы үш негізгі бірлік (метр, килограмм, секунд) механикалық табиғаты бар барлық шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыруға мүмкіндік береді. Ал қалған төрт негізгі бірлік (ампер, кельвин, кандела, моль) механикалық табиғаты болмайтын шамалардың үйлесімді туынды бірліктерін құрастыру үшін қосылған (мысалы, амперэлектрлік және магниттік, кельвинжылулық, канделажарық, мольмолекулалық физика мен химия саласындағы шамалар үшін). Ондық еселік бірліктер мен үлестік бірліктердің аталуы арнаулы қосымша жалғаулардың көмегімен құрастырылады.

Кесте 1 — SI негізгі бірліктері[2][3]
Атауы Халықаралық
белгілеуі
Өлшемі
метр m ұзындық
килограмм kg масса
секунд s уақыт
ампер A ток күші
кельвин K термодинамикалық температура
моль mol зат мөлшері
кандела cd жарық жылдамдығы

Метр, килограмм, секунд бірі-бірімен үйлестіріліп қолдануы мүмкін. Бұл әртүрлі өлшемдер жасайды. Мысалы, көлем, қуат, қысым, жылдамдық дегендер үшін.

Кей уақытта үлкендеу мен кішілеу өлшеу мағыналарын айтқанда, өлшем атаулары алдына арнайы префикс қосылады. Мысалы, кило — «1000», милли — «0,001». Сонда километр — 1000 метр болады, миллиграмм — 1/1000 грамм бөлшегі. Осы арнайы префикстер үшін төменгі кестені қараңыз.

Кесте 2 — SI префикстері
Атауы йотта- зетта- екса- пета- тера- гига- мега- кило- һекто- дека-
Халықаралық
белгілеуі
Y Z E P T G M k h da
Еселігі 1024 1021 1018 1015 1012 109 106 103 102 101
Атауы деси- сенти- милли- микро- нано- пико- фемто- атто- зепто- йокто-
Халықаралық
белгілеуі
d c m µ n p f a z y
Еселігі 10−1 10−2 10−3 10−6 10−9 10−12 10−15 10−18 10−21 10−24

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
  2. Barry N. Taylor, Ed. The International System of Units (SI) — Gaithersburg, MD: National Institute of Standards and Technology. — P. 9.
  3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]