Рецидив (лат. recіdіvus — қайталанушы), қылмыстар рецидиві — қылмыстар қабаттастығы; бұрын сотталған адамның тағы да қасақана қылмыс жасауы. Рецидив қауіпті және аса қауіпті болып екіге бөлінеді. Адамның үшінші рет қасақана қылмыс жасап, бас бостандығынан айырылуы немесе екінші рет ауыр қылмыс жасауы қауіпті рецидив болып танылады. Бұрын кемінде үш рет қасақана ауыр не орташа қылмыс жасаған адамның тағы да қасақана қылмыс жасап, бас бостандығынан айырылуы және бұрын аса ауыр не екі рет қасақана ауыр қылмысы үшін сотталған адамның қасақана ауыр қылмыс жасауы немесе бұрын қасақана ауыр не аса ауыр қылмыс жасаған адамның аса ауыр қылмыс жасауы аса қауіпті рецидив болып саналады. Рецидив деп тану кезінде адамның 18 жасқа дейінгі жасаған қылмыстары және жойылған не мерзімі өткен соттылық ескерілмейді. Қарекеті рецидив болып танылған адамға жаза айрықша тәртіпте тағайындалады және жазасы ауыр болады.[1]
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы, 7 том