Шашыратқы
Шашыратқы | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Үлгілік түрі | ||||||||||||||||||||
Cichorium intybus[1][2] L. | ||||||||||||||||||||
түрлері | ||||||||||||||||||||
10 түрі белгілі | ||||||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||||||
|
Шашыратқы (лат. Cichorium) – астралылар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық шөптесін өсімдіктер тегі[3]. Дүние жүзінде қоңыржай және субтропиктік аймақтарда өсетін 8 — 10 түрі белгілі.
Табиғатта таралуы.
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шашыратқының отаны болып Жерорта теңізі аймақтары болып есептеледі. Өсімдік Еуразии, Солтүстік Африкада, Оңтүстік Америкада, Аустралияда, Солтүстік Америка және Жаңа Зеландияда кездеседі. Қазақстанда барлық облыстардағы шалғынды жерлерде, жолдардың жиегінде, тоғайларда, ашық алаңдар мен егістік жерлерде өсетін 1 түрі — Кәдімгі шашырақты (лат. Cichorium іntybus) бар.
Ботаникалық сипаттамасы.
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шашыратқы тегінің өсімдіктері – көп жылдық немесе екі жыфлдық, сабағының бойы 1,4 метрге дейін жететін, шөп тектес өсімдік. Сабақтары тік өседі, оның әр жерін түк басып тұрады. Тамыры жерге терең бойлайды. Оның ұзындығы 90 – 100 сантиметрге дейін жетеді. Жапырақтары сопақша, ал шеттерінде малдың құлағына салатын сырға секілді ойықтары болады. Сабақ – жапырақтары жіңішке, отырмалы, шеттері – тегіс. Жапырақтарының қуысында екі – үштен орналасқан гүлдерінің түсі көк және көкшілдеу болады. Өсімдік мауысым айынан қыркүйек айына дейін біртіндеп гүлдеп тұрады.
Химиялық құрамы.
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Шашыратқы тамырының құрамында ащы илік заттар, нәруіз, май, инсулин, аскорбин қышқылы, қант, В дәрумені болады.
Пайдалануы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Салаттық көкөніс және тамыр жемістілер ретінде өсіріледі. Шашыратқы тамырын кептіріл, қуырып және ұнтақтап үгітілген күйінде кофе сусынын әзірлеуге пайдаланады. Бұл сусын түнбасының тіл үйіретін дәмі және қоңырқай түсі болады.
- Шашыратқыны кофеге де қосады (бір стақан суға 2 шай қасық кофе, 1/2 шай қасық шашыратқы ұнтағы).
Жапырақты ( салаттық) шашыратқы ашқылтым салат өсімдігіне жатады; сәл ашқылтымдау, сүйкімді дәмі бар. Жапырағын көк салат жасауға пайдаланылады.[4]
- Дәрілік шикізат ретінде шашыратқының тек тамыры ғана пайдаланылады. Оны күз айларында жауын – шашынсыз күндері қазып алады да, топырақтан, жапырақтарынан тазалап, көлеңке жерде кептіреді. Ағаш жәшіктерге, ол болмаса қағаз қапшықтарға салып, құрғақ жерде сақтайды.
Тамыр тұнбасының малд азыққа деген тәбетін ашатының , өт жүргізетін, қатты ауырсынуды басатын және зиянды микробтарды өлтіретін қасиеттері бар.Мал дәрігерлік практикасында оны ірі қара, жылқы, қойлардың ас қорыту бездерінің бірқалыпты жұмыс істеуін қалыптастыру үшін, асқазан мен тоқ ішектің қабынуын, бауыр ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Мал терісінде пайда болған іріңді бөртпелерді тамыр тұнбасымен емдейді. Ал медицинада қант диабетімен ауыратын адамдарға осы өсімдік тамырының тұнбасы ішкізіледі. Мал дәрігерлігі практикасында малдың тері қотырын , ұзақ уақыттан бері жазылмай жүрген экземаларды, есекжемді шашыратқының тамыр тұнбасы дайындалады: 40 грамм ұнтақталған тамырды қайнатылған жарты литр суға салып 25 – 30 минут тұндырады да, ірі қараға – 100 – 120 мл, жылқыға 90 – 100 мл, қойға – 20 – 30 мл, бұзауға 30 – 40 мл, қозыға 5 – 10 мл мөлшерінде күніне 3 – 4 рет ішкізеді.
Шашыратқының спирттік тұнбасын жасау үшін оның тамырының 40 грамы 200 мл спиртке салынып, 8 – 10 күн қараңғы жерде тұндырылады. Бұзауға күніне 3 рет 150 мл суға араластырылған бір ас қасық спирттік тұнба ішкізіледі.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ lectotype designated by Green, Prop. Brit. Bot.: pg 178. 1929
- ↑ Tropicos, Cichorium L.
- ↑ Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
- ↑ Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Шәріпбаев Н. Малдың асқазан - ішек ауруларын емдеуге қолданылатын дәрілік өсімдіктер // Шашыратқы — "Қайнар", 1988. — Б. 47-49. — (Пайдалы өсімдіктерді мал дәрігерлігінде қолдану). — 5700 таралым. — ISBN 5 - 629 -00074 - 5.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |