[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Пульсар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Миллисекунд пульсар және сору табағы, NASA анимейшн
Лүпілжұлдыздың көрінісі. Сурет орталығы –- Нейтрон жұлдыз; қисық сызық – пульсардың магнит өрісі; көк конустар - пульсардың радиациялық ағындары

Пульсар (ағылш. Pulsar) немесе Лүпілжұлдыз — тұрақты периодпен әлемге (жер бетіне дейін) радиолық (радио-пульсар), оптикалық (оптикалық пульсар), рентгенді (рентгенді пульсар) немесе гаммалық (гамма-пульсар) импульс сигналын (ақпарын) тарқатып тұратын жұлдызды дене.

1967 жылдың қазан айында Кембридж университеті Кавендиша зертханасы (Cavendish Laboratory) Антоний Хьюиш (Antony Hewish) профессордың 24 жасар аспирант қызы Jocelyn Bell Burnell радиотелескопқа келген ақпарларды тексерген кезде кейбір дыбыс сигналының өте тәртіпті екеніне назар аударады. Олардың периоды тұрақты болып, шамамен 1.337 секунд болады. Алғашында ол мұны бөгде ғаламшарлық "кішкентай жасылдар" (LGM) жіберген ақпар болуы мүмкін деп есептейді. Бірақ былайғы жарты жылда ол бұл түрдегі сигналдардың әртүрлісін анықтайды. Кейін адамдар бұл түрдегі аспан құбылысын жаңаша аспан денесінің құбылысы ретінде танып, аталған жұлдыздарды Пульсар (Лүпілжұлдыз) деп атайды. "Пульсар", "Квазарлар", "Ғарыш микротолқынды фоны", "Жұлдызара молекула" төртеуі ХХ ғасырдың 60 жылдарындағы "төрт астрономиялық жаңалық" есептеледі. Антоний Хьюиш профессор пульсарды байқағаны үшін 1974 жыл физика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты болды. Ал бұл жұлдызды шындап алғаш байқаған Jocelyn Bell Burnell бойжеткеннің Нобель сыйлығын алмай қалуы қоғамда біршама талас туғызған болатын.

Бір ғажабы, 1967 жылы Алясканың зымыраннан қорғану орталығының радар тізгіндеуші қызметкерлері кейбір лүпілдеген сигналдарды байқап, олардың аспаннан келгенін тұрақтастырады. Бұл байқау Кембридж университеті Кавендиша зертханасындағы Пульсар лүпілін байқаудан әлдеқайда бұрын болса да, бірақ әскери құпия ретінде жасырылып, тек ХХІ ғасырда ғана жұртқа белгілі болды.

Ерекшелігі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Миллисекундтық лүпілжұлдыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]