[go: up one dir, main page]

Мазмұнға өту

Пиязшөп

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Пиязшөп
Alliaria petiolata
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
Сабы: Brassicales
Тұқымдасы: Brassicaceae
Тегі: Alliaria
түрлері

2 түрі белгілі

Пиязшөп (лат. Alliaria) – орамжапырақ тұқымдасына жататын екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанда Алтайдың, Іле Алатауының, Қаратаудың, Батыс Тянь-Шань тауларының төменгі бөктеріндегі бұталар мен жалпақ жапырақты ағаштардың арасында өсетін 1 түрі — дәрілік Пиязшөп (А. offіcіnalіs) бар. Оның биікт. 20 — 100 см. Сабағы тік, тықыр, төменгі бөлігі қылтанды. Сабақ бойы орналасқан жапырақтары тұтас, шеттері иректелген, ал сабағының төменгі жағында орналасқан жапырақтары бүйрек тәрізді. Ақ түсті гүлдері шашақ гүлшоғырына топталған. Сәуір — мамыр айларында гүлдеп, мамыр — маусым айларында жеміс салады. Жемісі — бұршаққын. Пиязшөптің жапырағы С витаминіне бай; тұқымының құрамында май көп, сондықтан оны езіп, тамаққа дәм беру үшін қыша және сарымсақ орнына пайдаланады. Пиязшөпті жеген сиыр сүті қызғылт-сары түсті болады және одан сарымсақтың иісі шығып тұрады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VII том