Петер Ауфшнайтер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Петер Ауфшнайтер
Peter Aufschnaiter
Туған күні

2 қараша 1899 (1899-11-02)

Туған жері

Кицбюэль[[Санат:Script error: No such module "kk". туғандар]], Аустрия-Мажарстан

Қайтыс болған күні

12 қазан 1973 (1973-10-12) (73 жас)

Қайтыс болған жері

Инсбрук қаласы[[Санат:Script error: No such module "kk". қайтыс болғандар]], Аустрия

Ғылыми аясы

Ауыл шаруашылығы, Картография

Петер Ауфшнайтер (нем. Peter Aufschnaiter; 2 қараша 1899(18991102), Кицбюэль, Тироль, Аустрия-Мажарстан12 қазан 1973, Инсбрук қаласы, Тироль, Аустрия — неміс альпинисті, картографы және ғалымы.

Жастық шағы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аурах, Аустрияда дүниеге келген, Куфштайндағы орта мектепте оқыған.[1] Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде, 1917 жылы мектепте оқыған кезде әскер қатарына шақырылды. 1919 жылы қорытынды емтихандарды бітіргеннен кейін Мюнхенге ауыл шаруашылығын зерттеуге аттанды.

Жас кезінен бері Кайзер тауларында құзға шығумен айналысқан; уақыт өте келе, Мюнхенде Ауфшнайтер бірнеше неміс альпинистерімен танысты. Ол Сиккимдегі Канченджанга экспедицияларына (1929 бен 1931 арасы) ат салысқан. Сол жерде 7700 метр биіктігіне көтерілді. Осы экспедицияларда тибеттіктермен бірінші рет танысып, олардың тілін үйренді.

Нацисттік партия

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1933 жылдың 30-шы қаңтарында нацисттік партияға қосылды. 1936 жылдан бастап Ауфшнайтер Германдық Гималайдық қордың (Deutsche Himalaja-Stiftung) іс басқарушысы болды. Қорды басқарған және оның іргетасын қалаған — Пауль Бауэр. 1939 жылы Үшінші рейхтің Нангапарбатқа жасалған экспедициясына басшылық етті.

Тибеттегі өмірі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1939 жылы, 3-ші қыркүйекте, Ұлыбритания Германияға соғыс жариялағанда Петерді экспедицияның басқа қатысушыларымен бірге тұтқынға алынып, Дехрадундағы лагерьге жіберілді. 1944 жылдың 4-ші сәуірінде Ауфшнайтер, Генрих Харрер және басқа тұтқындалғандармен бірге лагерьден қашты. Қашқындар бірнеше топқа бөлініп, әртүрлі бағытта кетті. Ауфшнайтер мен Харрер бір жарым жылдан аса Тибеттің алуан түрлі аудандарынан өтіп, 1946 жылдың 15 қаңтарында Лхасаға келді. Сол жерде олар Тибеттің әкімшілігінде жұмыс істеді. Петер Лхасада гидроэлектростанция мен канализацияның салу жоспарларын салды, ағаш отырғызды, өзендер деңгейін реттеді және Генрихпен бірге Тибет астанасының топографиялық кескінін түсірді. Сонымен қоса археологиялық қазба жұмыстарын өткізді.

Қытай әскері Тибетке басып кіргендіктен, Ауфшнайтер мен Харрерге 1950 жылдың 20 желтоқсанында Далай-ламаның керуенімен бірге Лхасадан кетуге тура келді. Харрер тікелей Үндістанға жол бұрды, ал Ауфшнайтер шамамен бір жылға оңтүстік Тибеттің, Гьяндзе қаласында қалды. 1952-1956 арасында Нью Делиде үнді армиясының картографы ретінде, ал 1956 жылдан бастап ФАО-да ауыл шаруашылғы эксперті болып жұмыс істеді. Катмандуда өмір сүріп, Непалдың азаматтығын алды. Шетелдіктерге жол жоқ Непалдың аудандарына бара алды. Осы сапарлардың бірінде ерте буддизм кезеңінің қымбат фрескаларын тапты. 1971 жылы Тибетке құпия түрде барып қайтты.[2]

Мәдениет саласында

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1997 жылы Генрих Харрердің өмірбаяндық романы бойынша Жан-Жак Анно фильм түсірді. Петер Ауфшнайтердің рөлін сомдаған Дэвид Тьюлис.

Шығармашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • "Восемь лет в Тибете. Дневники Петера Ауфшнайтера", Деком, 2019, ISBN: 978-5-89533-435-5.
  • Peter Aufschnaiter. Sein Leben in Tibet. Innsbruck, Steiger Verlag, 1988.
  • Lands and Places of Milarepa. In: East and West. N.S. 26, 1976, S. 175—189.
  • Prehistoric Sites discovered in inhabited Regions of Tibet. In: East and West 7. 1956, S. 74-88.
  • Bruno J. Richtsfeld (Bearb., Hrsg.): Peter Aufschnaiters nachgelassene Aufzeichnungen über seine Reise durch Nordwestnepal nach Khochar in Tibet im Jahre 1971. Ergänzt durch Giuseppe Tuccis Schilderung seines Besuches in Khochar 1935 und Swami Pranavânandas Beschreibung des Klosters von Khochar 1939. In: Münchner Beiträge zur Völkerkunde. Jahrbuch des Staatlichen Museums für Völkerkunde München 10/2006, Verlag des Staatlichen Museums für Völkerkunde München, München 2006. S. 183—232

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]