Опунция
Опунция | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Опунция
| ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Malus domestica |
Өсімдік туралы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Опунция – кірпігүлдер тұқымдасына жатады. Опунция тұқымдасы опунциялар тобын құрайды. Олар бір-біріне ұқсас болмағанымен, ортақ белгілері бар. Оларды ұсақ түк секілді тікендері (глохидий) арқылы басқа кірпігүлдерден ажыратуға болады. Көзге аса байқалмайды, бірақ жалаңаш қолмен ұстаса, қолға тікендері жабысып кіріп, шаншып ауыртады. Сондықтан опунциямен жұмыс істегенде, қолға қолғап киіп сақтану қажет. Опунцияның көп түрлерін үй жағдайында өсіруге келмейді. Көлемдері өте үлкен, әрі аса сәнді емес. Үй жағдайында гүлдеуі екі талай. Бөлме гүлі ретінде шағын болып өсетін түрлерін таңдау қажет. Опунцияға қыста құрғақ әрі салқын температуралық жағдай жасалса жаз айларында гүлдейді.
Жарығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жарық жерді ұнатады, тіке түскен күн сәулесін қажет етеді.
Жылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қыс айларында 8-10ºС салқындылық қажет, егер осы температуралық жағдай сақталмаса өсімдік гүлдемейді.
Суғарылуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көктем-жаз айларында молынан, бірақ сирек суғарады. Күзден бастап суғаруды қысқартады. Қыс айларында мүлдем суғармайды.
Ылғалдылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ылғалдалықты қажет етпейді.
Қоректендірілуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көктем-жаз айларында кірпігүлге арналған тыңайтқышпен қоректендіреді.
Аурулары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ауру мен зиянкестерге шалдыға бермейді. Артық суғарғаннан шіріп кету қаупі бар.
Көбейтілуі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тұқымы мен қалемшелеу арқылы көбейтеді.
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жемістер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8