Но

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

(no theatre немесе noh theatre), көне заманан келе жатқан театрдың бір түрі, жапон классикалық театры. Театрдың өз ерекшелігі бар, бірақ батырлық тақырыптары, хорлар, стилді қимылдар, костюмдер және сахнаның сәнделуін сақтаған. Актерлер (тек ер адамдар) әңгіме қылып айтып тұрады, сюжетжелісінің өркендеуіне олардың костюмдері мен қылықтары әсер береді, дегенмен оны көрсетпейді. «Талант» нені білдіреді немесе «өнер» көне би қойылымынан дамыған және 14ғ. театрдың өзіндік бөлек бір түрі болып танылған. Қойылымдардың (пьеса) төрт түрі бар, бірақ коми(kami, құдай) киелі оқиғалардың желісімен СИНТОИЗМА; сурамоно (shura mono, әскери қойылым), жауынгерлерге арналған; каиурамоно (katsura mono, жалған шаштар қойылымы) әйелдердің қатысуымен; гендаймоно (gendai mono, қазіргі қойылым) немесе кедзвмоно (kyojomono, жынды әйелдің қойылымы) әртүрлі мазмұндағы қойылымдар; кири (kiri, шарықтау шегі) немесе китику (kichiku, әзәзіл) қиянатшыл нәрселер мен албастының қатысуымен. Канъами (1333—84) және оның баласы Дзэами (1363—1443) көптеген тамаша мәтіндерді жазған, дегенмен екі жүз жылдың ішінде қазіргі театр репертуарында кейбіреуі ғана сақталған.