Күйік

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Күйік деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті атайды. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады.

Күлдіреп іспейтін шамалы ғана күйіктер (1 дәрежедегі күйік)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Күйіктен көп зардап болдырмау және ауырғанын жеңілдету үшін күйік шалған жерді дереу салқын суға малыңыз. Басқадай ешбір ем-дом жасаудың қажеті жоқ, керек болған жағдайда ауырғанды жеңілдететін дәрі ретінде аналгин ішіңіз.

Күлдіреп ісетін күйіктер (2-ші дәрежедегі күйік)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Күлдіреген жерді тесуші болмаңыз. Егер күлдіреген жер жарылып кетсе, сол жерді қайнатып салқындатылған сумен сабындап жуыңыз. Вазелинді қайнатып стерилдеңіз де, оны стерилдеген дәкеге жағып, күйік шалған жерге салыңыз. Егер вазелиніңіз жоқ болса, күйікті ашық күйде үстаңыз. Күйік шалған жерге ешуақытта тоң май немесе басқадай майларды жағушы болмаңыз.

Күйген жерді мейлінше таза ұстаған ете маңызды. Оны шаңнан, ластан, шыбын-шіркейден сақтаңыз.

Инфекция түскендіктің белгілері — ірің, жағымсыз иіс, қызу көтерілу немесе без шошу сияқты белгілері біліне бастағаннан-ақ жылы түзды сумен (1 шәй қасық түзды 1 литр суға езіп) күніге 3 рет компресс жасаңыз (мүмкіндігіңіз жетсе түзды суға 2 ас қасық хлорлы әк үнтағын қосып жіберіңіз). Таңып, байлауға тазалап жууға пайдаланылатын шүберекті де, суды да қайнатып алыңыз. Күйік салдарынан тері мен тіннің өлген ағза, қабыршақтарын мейлінше сақтықпен алып тастаңыз. Жарақатқа жеңілдеп қана неоспорин тәрізді антибиотикті мазь жағып қоюға болады (371-бет), ауыр жағдайларда күйіктің ауыр түрлерінде пенициллин не ам-пициллин тәріздес антибиотиктерді пайдаланудың ретін езіңіз байыпқа салып керіңіз.

Терең күйік жарақаттары (3-ші дәрежедегі күйік)

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Теріні бүлдіріп, дененің ІШКІ ағзаларын жалаңаштайтын және терінің едәуір бөлігін қамтитын мұндай күйік жарақаттары өте қауіпті болып келеді. Зардап шеккен адамды сол бойда емдеу орнына жеткізу қажет. Оны ем көрсетілетін жерге жеткізгенше күйік шалған жерді ете таза шүберекпен немесе орамалмен жауып қойған жөн. Дәрігерлік білікті көмек көрсетіле алмаған жағдайда күйген жерді жоғарыда айтылғандай тәсілмен тазалап, ем жасаңыз. Егер вазелин болмаса, күйік шалған жарақаттың бетін ашық тастап оған шаң түсіп, шыбын қонбас үшін шыт орамалмен немесе ақжаймамен жеңіл ғана бүркеп қойыңыз. Пайдаланған шүберегіңіздің таза болуын үнемі қадағалап отырыңыз, егер ол күйік жарақаттың аузынан аққан қан мен қан аралас сұйықтан ластанғандай болса, алмастырыңыз. Күйген жерге еш уақытта малдың майын, тоң май, тері, кофе, шөп немесе нәжіс жағушы болмаңыз!

Өте қауіпті қатты күйік алған кездегі айырықша сақтық шаралары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қатты күйік шалған кез келген адам ауырсынудаң үрей мен күйік салдарынан болатын де-недегі сүйықтың сарқылуынан оп-оңай-ақ естен танып қалуы мүмкін.

Күйген адамды сергітіп, тыныштандырыңыз. Ауырсынғанын жеңілдету үшін оған аспирин мен кодеин ішкізіңіз. Аздап қана түздалған сумен ашық жарақатты жуу да ауырсыну жағдайын жеңілдетуге көмектеседі. Бүл үшін 1 шәй қасық түзды қайнатылып суытылған 1 литр суға езіп еріту қажет. Күйген адамға мүмкіндігінше суды кеп ішкізіңіз. Егер күйген жердің аумағы үлкен болса (қолының мөлшерінен екі есеге жуық үлкен болса), онда мынандай сусын дайындаңыз:

Бір литр суға: жарты қасық тұз және жарты қасық ас содасын қосыңыз. Будан басқа оған 2—3 ас қасық қант немесе бал салыңыз, ал бар болса. кішкене ғана апельсин мен лимон қышқылын да қосқан артық болмайды.

Күйген адам сұйықты мейлінше көп ішуі керек, әсіресе жеңіл дәретке жиі-жиі бара бастағанша іше бергені жақсы. Ол көп жері күйген болса күніне 4 литрге дейін, ал өте көп күйік шалғандай жағдайда 12 литрге жуық су ішуі қажет. Күйіп зардап шеккен адам құрамы протеинге бай тамақты көбірек ішкен жөн. Жалпы ас атаулының қай-қайсынан да бас тартудың қажеті жоқ.

Буындардың айналасындағы күйіктер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дененің буындарға жақын бөліктері күйген жағдайда (саусақтардың арасы, қолтық), бұлардың арасына жазыла бастаған кезде екі беті бір-біріне жабысып тілініп қалмауы үшін вазелин жағылған дәке қабатшаларын салып қою керек. Сол сияқты, жарақат жазылып келе жатқан кезде саусақтарды, аяқ-қолды күніне бірнеше мәрте барынша созып, көріп отырған дүрыс. Ауыртса да бұл процедура кейіннен еркін қозғалып, қимылдауға кедергі жасайтын қалың тыртықтың қалмауына әсерін тигізеді. Әбден жазылғанға шейін саусақтарды көп бүкпей ұстау керек.

Сақтық шаралары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Күйікке ұшырамаудың көптеген жағдайларын алдын-ала болдырмауға болады, бұл жағдайға балаларды ұрындырмаудың айрықша шараларын жасаңыз:

  • кішкентай балалардың оттың қасына жақындауына тыйым салыңыз;
  • шам, сіріңкені бала көзінен таса аулақ жерде ұстаңыз.
  • отта тұрған кастрөл, қазан секілді ас үй құралдарының ұстайтын құлақтарына бала қолы жетпейтіндей болсын.[1][2][3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
  2. Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет. ISBN 5-615-01453-9
  3. Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9