Кончерто гроссо

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Кончерто гроссо (итал. concerto grosso — үлкен концерт) — XVII ғасырдың аяқ кезі мен XVIII ғасырдың басы кезіндегі дамыған музыкалық жанр.

Кончерто гроссо бірнеше бөлімнен тұрады және симфониялық оркестрге айналады. Кончерто гроссоның жазылуына қарай бүкіл оркестр және концертті орындайтын кіші ансамбль болып екі топқа бөлінеді. Осы екі топ концерттің әр бөлімін немесе музыкалық темаларын кезектесіп орындап, жарысу сайысына түседі. Мұнда концерттің әр бөлімі мен музыкалық темалары оркестрдің әр түрлі регистр мен музыка аспаптарының бояулары арқылы құлпырып, үнемі дамып отырады. Кончерто гроссо жанрын дамытуда өткен ғасырларда Вивальди, Корелли, И.С. Бах, Гендель сияқты композиторлар көп еңбек сіңірген. Қазақстан композиторлары А. Бычковтың симфониялық оркестр үшін жазған кончерто гроссо атты музыкалық шығармасы бар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақша музыкалық-терминологиялық сөздік, Алматы 1981 жыл - 65 бет